Железин ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 181 бұйрығына сәйкес Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Железин ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулігі үшін 0,5 (нөл бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
2. Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы «Железин ауданындағы шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна ставкаларын бекіту туралы» № 29/8 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7354-14 болып тіркелген).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Железин
аудандық мәслихатының төрағасы
аудандық мәслихатының төрағасы
Т.
Даулетов
Даулетов