Табиғи сипаттағы төтенше
жағдайды жариялау туралы
жағдайды жариялау туралы
Ескерту. 18.11.2023 бастап қолданысқа енгізіледі – осы
шешімнің 5-тармағымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті Шахтинск қаласының төтенше жағдайлар бөлімі» республикалық мемлекеттік мекеменің 2023 жылғы 19 қарашадағы №25-1-8/425-И хаты негізінде, Шахтинск қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облысының Шахтинск қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Нурлан Анетович Мажитов тағайындалсын.
3. Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайды жою басшысы Н.А. Мажитов осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.А. Мажитовқа жүктелсін.
5. Осы шешім 2023 жылғы 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қаласының әкімі
М. Кыдырганбеков