Мәслихаттың «Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы № 306 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың «Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы № 306 (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8144 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексінің 510-бабына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес және Қостанай қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы негізінде Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету осы шешімнің қосымшасына сәйкес жүзеге асырылсын.
Осы тармақтың ережесі Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы
О. Байгабулов
Мәслихаттың
2023 жылғы 21 қарашадағы
№ 65 шешіміне
қосымша
Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету
№ | Аймақ нөмірі | Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру пайызы |
1 | 1 | 50 |
2 | 2 | 45 |
3 | 3 | 40 |
4 | 4 | 35 |
5 | 5 | 30 |
6 | 6 | 10 |