Мәслихаттың 2018 жылғы 25 мамырдағы № 253 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» 2018 жылғы 25 мамырдағы № 253 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7807 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы»;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» (бұдан әрі – Кодекс) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510-бабына сәйкес және Лисаков қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы негізінде Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзетуді жүзеге асырсын.
Осы тармақтың ережесі Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат хатшысының төрайымы
К. Мухамадиева
Мәслихаттың
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 56 шешіміне
қосымша
Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету
№ р/с | Аймақтың нөмірі | Жер салығының базалық мөлшерлемелерін төмендету (-) немесе жоғарылату (+) |
1 | 1 | +50 |
2 | 2 | +40 |
3 | 3 | +30 |
4 | 4 | 0 |