Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 23 тамыздағы № 718 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы қаулыға 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 17-1, 18, 19, 20, 21 және 22-қосымшаларға сәйкес ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;»;
3-тармақтың 2) тармақшасында:
алтыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Медицина және фармацевтика жұмыскерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, еңбек мобильділігі орталықтары мен олардың филиалдарының басқарушы, негізгі персоналы жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:»;
сегізінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, еңбек мобильділігі орталықтары мен олардың филиалдарының басқарушы, негізгі персоналдарының жұмыскерлерін;»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 17-1-қосымшамен толықтырылсын;
2) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 718 қаулысында:
1-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«алтыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«сегізінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:»;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«
3) | Еңбек мобильділігі орталықтары мен олардың филиалдарының басшыларына, мамандарына және басқа да қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін | ЛА-дан 50 % |
».
2. Осы қаулы:
1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші, төртінші және оныншы абзацтары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға;
1-тармақтың 1) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтары және 2) тармақшасы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленіп, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысына
17-1-қосымша
«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар
Р/с № | Қосымша ақылардың атауы | Қосымша ақылардың түрлері | Қосымша ақылардың мөлшері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы | |||
1) | Негізгі персонал жұмыскерлеріне мемлекеттік этносаясат саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жұмысы, этносаралық қатынастар саласын зерделегені, олардың қазіргі жай-күйіне талдау жүргізгені, дамуын болжағаны және оларды жетілдіру жөнінде ұсынымдар тұжырымдағаны үшін | ЛА-дан 50 % | ||
2) | Негізгі персонал жұмыскерлеріне халық шығармашылығының, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың сақталуын қамтамасыз ету, насихаттау, оларды осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу бойынша халыққа қызмет көрсетуге байланысты жұмыс үшін; қоғамдық келісім, жалпыұлттық бірлік және этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша конкурстар, фестивальдар, мәдени-ағартушылық жобалар, акциялар, семинар-тренингтер, форумдар және басқа да іс-шаралар өткізумен байланысты жұмыс үшін | ЛА-дан 50 % | ||
3) | Басқарушы персонал жұмыскерлеріне этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыс үшін | ЛА-дан 50 % |
_________________________