«Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы кіріспемен толықтырылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешенді:
1) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы;
2) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;
3) «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
4) «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Азық-түлік корпорациясы) сияқты мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау тәртібін айқындайды.».
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді «ҰАҒБО» КеАҚ-ның қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан экономикасының аграрлық салада жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ә. Смайылов