Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын одан әрі іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 397 және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын одан әрі іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 397 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1035 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1035 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын одан әрі іске асыру жөніндегі кейбiр шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 397 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Өңірлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын одан әрі іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 397 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1035 қаулысында:
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ә. Смайылов