«Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32683 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы
Т. Ешенкулов
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрінің міндетін атқарушысы
2023 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 614
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің
2023 жылғы «____»________
№____ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 250 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған
стипендиясын министрліктер арасында бөлу
стипендиясын министрліктер арасында бөлу
№ | Мемлекеттік орган | Стипендия | |
студенттерге | магистранттарға | ||
1. | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі | 1 005 | 7 |
2. | Қазақстан Республикасы Ақпарат және мәдениет министрлігі | 20 | 1 |
3. | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі | 4 | |
4. | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі | 6 | |
5. | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі | 45 | |
Барлығы | 1080 | 8 |