Ақтау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 2 мамырдағы №2/8 «Ақтау қаласы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ақтау қаласы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 2 мамырдағы №2/8 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4557-12 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қалалық мәслихатының
төрағасы
төрағасы
С. Закенов