Алакөл аудандық мәслихатының «Алакөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2022 жылғы 10 қазандағы №32-1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алакөл аудандық мәслихатының «Алакөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2022 жылғы 10 қазандағы №32-1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №173103 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алакөл аудандық мәслихат
төрағасы
Д. Каримов