Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20
маусымдағы № 116/6 «Железин ауданында тұрғын үй көмегін
көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
маусымдағы № 116/6 «Железин ауданында тұрғын үй көмегін
көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының «Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2017 жылғы 20 маусымдағы № 116/6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5552 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Павлодар облысы Железин ауданы мәслихатының шешімінің кіріспесі
облыстар 2017 жылғы 20 маусымдағы № 116/6 жаңа редакцияда жазылсын:
облыстар 2017 жылғы 20 маусымдағы № 116/6 жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 2314 қаулысына, сәйкес»
2) «Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
тәртібі» қосымшасында:
тәртібі» қосымшасында:
5-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің жоғарылауына өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ«Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларын айқындау және бекіту туралы»бекітілген бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады»;
6 тармақ толықтырылсын:
«Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі, Тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тарту Үлгілік қағидалардың 2-тарауына сәйкес айқындалған».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Железин
аудандық мәслихатының төрағасы
аудандық мәслихатының төрағасы
Т.
Даулетов
Даулетов