Көше атауларын қайта атау және атауларының
транскрипцияларын өзгерту туралы
транскрипцияларын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Шалдай ауылы халқының пікірін ескере отырып және Павлодар облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 23 қарашадағы қорытындысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық округі Шалдай ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
«Октябрьская» көшесі «Атамекен» көшесіне;
«Боровая» көшесі «Қарағайлы» көшесіне;
«Мира» көшесі «Мереке» көшесіне;
«1 мая» көшесі «1 мамыр» көшесіне;
«Лесная» көшесі «Орман» көшесіне;
«Заводская» көшесі «Болат Әбілбаев» көшесіне;
«Садовая» көшесі «Наурыз» көшесіне;
«Победа» көшесі «Ерлік» көшесіне.
2. Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық округі Шалдай ауылының келесі көшелерінің атауларының транскрипциялары өзгертілсін:
«Абая» көшесі «Абай» көшесіне;
«Джамбула» көшесі «Жамбыл» көшесіне;
«Казахстанская» көшесі «Қазақстан» көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалдай ауылдық округінің әкімі
М. Кожимов