Қаратөбе аудандық мәслихатының «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қарашадағы №8-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратөбе аудандық мәслихатының «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қарашадағы №8-2 шешіміне ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7287-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тараудың 7 – тармағының 1)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) ауруын дәлелдейтін анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын; ».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
Н.Мендешов