Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы №8-1 «Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының «Бөкей одасы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 қазандағы № 8-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7276-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 2-тараудың 7- тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) ауруын дәлелдейтін анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
мәслихат
төрағасы
төрағасы
Л.
Кайргалиева
Кайргалиева