Көшелерге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Қызылорда облысының ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 тамыздағы қорытындысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Қаратөбе ауылдық округі, Баспақкөл ауылындағы атауы жоқ № 1 және № 2 көшелерге «Охас Шегенов», «Тынысбек Ысқақов» атаулары берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратөбе ауылдық округінің әкімі
Ж. Манамбаев