«Сарқан ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 4 қазандағы № 12-53 Сарқан аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Сарқан ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 қазандағы № 12-53 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 186930 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарқан аудандық
мәслихатының төрағасы
М. Разбеков