Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің Қызылағаш ауылының және Тимирязев ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Қызылағаш ауылы мен Тимирязев ауылының халқының пікірін есепке ала отырып, Павлодар облыстық ономастикалық комиссиясының 2023 жылғы 23 қарашадағы қорытындысының негізінде ШЕШТІ:
1. Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің Қызылағаш ауылында келесі көшелер қайта аталсын:
«Ленин» көшесі «Егемен» көшесіне;
«Советов» көшесі «Береке» көшесіне;
«Энгельс» көшесі «Жігер» көшесіне;
«Молодежная» көшесі «Жастар» көшесіне;
«Степная» көшесі «Ақдала» көшесіне.
2. Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің Тимирязев ауылында келесі көшелер қайта аталсын:
«Ленинградская» көшесі «Аманжол Шәмкенов» көшесіне;
«Масленников» көшесі «Көктем» көшесіне;
«Степная» көшесі «Тұлпар» көшесіне;
«Мир» көшесі «Бейбітшілік» көшесіне;
«Южная» көшесі «Серпін» көшесіне;
«Юбилейная» көшесі «Мерей» көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ольгин ауылдық округінің әкімі
А. Жуматанова