Көшелерді қайта атау және атаулар беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақжарма ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ақжарма ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжарма ауылдық округі Баймұрат батыр ауылының атауы жоқ көшесіне Қымбат Тоқболатова атауы берілсін.
2. Ақжарма ауылдық округі Баймұрат батыр ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
Тоғай көшесін Жақсылық Нұрашев көшесіне;
Тоғай-1 көшесін Ибрахим Исмайлов көшесіне;
Тоғай-2 көшесін Садықбек Досмағамбет көшесіне;
Қырман көшесін Мұқашбек Айходжаев көшесіне;
Қырман-1 көшесін Марат Қалиев көшесіне;
Скважина көшесін Рахматулла Бақбергенов көшесіне.
3. Ақжарма ауылдық округінің Талдыарал ауылындағы лепрозорий көшесінің атауы Владимир Сим болып өзгертілсін.
4. Ақжарма ауылдық округі Талдыарал ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
Темірхан Қоңырбаев көшесі;
Мұсылманбек Мәжитов көшесі.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ
әкімі
әкімі
С. Әбдіреев