Көшені қайта атау және атауы жоқ көшелерге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Тереңөзек кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Тереңөзек кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңөзек кентіндегі 1 Май көшесі (Аманкелді Иманов және Абай Құнанбаев көшелерімен қиылысатын аралығы) «Серікбай Бедебеков» көшесі деп қайта аталсын.
2. Тереңөзек кентінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) атауы жоқ көшесіне «Мұратбек Сырлыбаев» көшесі;
2) атауы жоқ көшесіне «Ізтай Әбілдаев» көшесі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі
Е.Бахтияров