Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының «Ақтөбе қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы» 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 шешiмiне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5179 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
7 тармақтың 2 тармақшасының екінші абзацы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;»;
7 тармақтың 3 тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық
мәслихатының төрағасы
А. Даржанова