«Жамбыл ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» Жамбыл ауданы әкімінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № 11-18 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Жамбыл ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» Жамбыл ауданы әкімінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № 11-18 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5728 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. № 262 сайлау учаскесі.
Орталығы: Ұзынағаш ауылы, Алтыбақан көшесі № 59, «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ұзынағаш ауылының № 1 мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
Шекарасы: Ұзынағаш ауылы, көшелері: Жандыбаев, Қастек батыр, Кечиөрен, Алтыбақан, Майтөбе, Белтоған, Медеу, Шымбұлақ, Кеңесары хан.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. № 265 сайлау учаскесі.
Орталығы: Ұзынағаш ауылы, Алтыбақан көшесі № 59, «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ұзынағаш ауылының №1 мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
Шекарасы: Ұзынағаш ауылы, көшелері: Жартас, Жеңіс, Үшқоңыр, Суық төбе, Тау самалы, Жаңақұрылыс, Алмалыбақ, Парасат, Жалын, Достық, Аққайнар, Саурық батыр № 160-тен 321-ге дейін, Райымбек батыр № 125-тен 155-ке дейін (тақ жағы), № 156-дан 198д-ға дейін (жұп жағы).»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. № 284 сайлау учаскесі.
Орталығы: Қарғалы ауылы, Досымбетов көшесі № 4б, «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарғалы №3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Қарғалы ауылы, көшелері: Жамбыл, Досымбетов, Бекетайұлы, Подгорная, Жармұхамедов.».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданы әкімі
Н. Ертас
«КЕЛІСІЛДІ»
Жамбыл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясымен