Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 13-55
«Көксу ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік
жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Көксу ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік
жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 16 қарашадағы № 13-55 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 188732 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көксу ауданы мәслихатының
төрағасы
Ж. Бейсенбай