Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына және 5 тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 495 бабы, 9 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 495 бабының 2-6 тармақтарында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары ластағыш заттардың жеке түрлері бойынша Қарағанды облысы бойынша 1,4 есеге арттырылсын.
2. Қарағанды облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларының мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (М.А. Перзадаев) және облыс әкімінің бірінші орынбасарына (Ғ.М. Матаев) жүктелсін.
4. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы
А. Поляков
Облыстық мәслихаттың
хатшысы
хатшысы
Б. Жұмабеков
КЕЛІСІЛДІ:
("Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы" облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 29 қарашадағы XLI сессиясының № 465 шешіміне)
Қарағанды облысы бойынша салық
департаментінің бастығы
департаментінің бастығы
Е. Жиенбеков
29 қараша 2011 жыл
Қарағанды облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы
бастығының м.а
және бюджеттік жоспарлау басқармасы
бастығының м.а
А. Молотовник
29 қараша 2011 жыл
Нура-Сарысу экология
департаментінің бастығы
департаментінің бастығы
А. Райымбеков
29 қараша 2011 жыл
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және
табиғатты пайдалануды реттеу
басқармасы бастығының м.а
табиғатты пайдалануды реттеу
басқармасы бастығының м.а
Р. Төлепбаев
29 қараша 2011 жыл
Қарағанды облыстық мәслихатының
2011 жылғы 29 қарашадағы
ХLI сессиясының
№ 465 шешіміне қосымша
Қарағанды облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары
1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
Рет№ | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы ставкалары (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күкірт тотықтары | 14 | |
2. | Азот тотықтары | 10 | |
3. | Шаң және күл | 5 | |
4. | Қорғасын және оның қосындылары | 2790,2 | |
5. | Күкіртсутек | 86,8 | |
6. | Фенолдар | 232,4 | |
7. | Көмірсутектер | 0,224 | |
8. | Формальдегид | 232,4 | |
9. | Көміртегі тотықтары | 0,16 | |
10. | Метан | 0,014 | |
11. | Күйе | 12 | |
12. | Темір тотықтары | 21 | |
13. | Аммиак | 16,8 | |
14. | Алты валентті хром | 558,6 | |
15. | Мыс тотықтары | 418,6 | |
16. | Бенз (а) пирен | 697,62 |
2. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
Рет № | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,462 |
2. | Дизель отыны үшін | 0,63 |
3. | Сұйытылған, сығылған газ үшін | 0,336 |
3. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
Рет № | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттар | 670 |
2. | Мырыш | 1876 |
3. | Мыс | 18762,8 |
4. | Оттегіне биологиялық сұраныс | 4 |
5. | Тұзды аммоний | 34 |
6. | Мұнай өнімдері | 268 |
7. | Нитраттар | 1 |
8. | Жалпы темір | 187,6 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,4 |
10. | Өлшенген заттар | 1 |
11. | Синтетикалык бетүсті-белсенді заттар | 27 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,1 |
13. | Алюминий | 27 |
4. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
Рет | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы ставкалары (АЕК) | |
1 тонна үшін | 1 гигабеккерель (Гбк) үшін | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастырғаны үшін: | ||
1.1. | Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы) | 0,19 | |
1.2. | Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар: | ||
1.2.1. | "қызыл" тізім | 9,8 | |
1.2.2. | "янтарь" тізім | 5,6 | |
1.2.3. | "жасыл" тізім | 1,4 | |
1.2.4. | жіктелмегендер | 0,63 | |
1.3. | Бұдан басқа: | ||
1.3.1. | аршынды жыныстар | 0,0028 | |
1.3.2. | жанас таужыныстары | 0,0182 | |
1.3.3. | байыту қалдықтары | 0,014 | |
1.3.4. | шлактар, шламдар | 0,0266 | |
1.3.5. | күл мен күлшлактар | 0,33 | |
1.3.6. | ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары | 0,009 | |
1.3.7. | техникалық және элементарлық күкірт | 3,77 | |
2. | Радиоактивтік қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк): | ||
2.1. | Трансуранды | 0,38 | |
2.2. | Альфа-радиоактивті | 0,19 | |
2.3. | Бета-радиоактивті | 0,02 | |
2.4. | Шынақты радиоактивті көздер | 0,19 |