1-бап. Конвенцияның мақсаттары
Осы Конвенцияның мақсаттары мыналар болып табылады:
(а) материалдық емес мәдени мұраны сақтау;
(b) тиісті қоғамдастықтардың, топтардың және жекелеген адамдардың материалдық емес мәдени мұрасын құрметтеу;
(с) материалдық емес мәдени мұраның және оны өзара танудың маңыздылығына жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейлерде назар аудару;
(d) халықаралық ынтымақтастық және көмек.