Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 16.03.2018 № 26-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "ставкаларын", "ставкалары", "ставкаларының" деген сөздері тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің" деген сөздермен ауыстырылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 10.08.2015 № 41-2 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Байзақ ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу обьектісінің бірлігіне біріңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ ауданы мәслихатының аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым және адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Үкібаевқа) жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
Н.Есимов
Аудандық мәслихат хатшысы
А. Унетаева
Байзақ аудандық мәслихатының
2011 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 47-11 шешіміне қосымша
Байзақ ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу обьектісінің бірлігіне біріңғай тіркелген салықтың
мөлшерлемелері
мөлшерлемелері
Рет № | Салық салу обьектісінің атауы | Айына салық салу объектісінің бірлігіне біріңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіштерінде) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |