Белинский ауылдық округі Смайыл ауылының көшелеріне атау беру туралы
Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селосы" деген сөздер "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды, "Смайыл" сөзінің алдында "Белинский ауылдық округі" деген сөздермен толықтырылды - Қостанай облысы Таран ауданы Белинский ауылдық округі әкімінің 18.04.2014 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағына сәйкес, Белинский ауылдық округі Смайыл ауылы тұрғындарының пікірін ескеріп, Белинский ауылдық округі Смайыл ауылының әкімі ШЕШТІ:
1. Белинский ауылдық округі Смайыл ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:
1) № 1 атаусыз көшесіне - Абай көшесі;
2) № 2 атаусыз көшесіне - Ленин көшесі;
3) № 3 атаусыз көшесіне - Карл Маркс көшесі.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Белинский ауылдық
округі Смайыл
ауылының әкімі
округі Смайыл
ауылының әкімі
А. Есмағамбетов