Көкшетау қаласында 2012 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2012.04.02 № А-4/536 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4) тармақшасына, 18-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашасындағы «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабы 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылы Көкшетау қаласында әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
2. Көкшетау қаласында 2012 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің ұсынылған тізбесі бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Т.Ж. Какпеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
М.Батырханов
Көкшетау қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 18 қаңтардағы
№ А-1/78 қаулысымен
бекітілді
Көкшетау қаласында 2012 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізімі
№ р/р | Жұмыс берушінің атауы | Маман дығы (лауазы мы) | Жұмыс орында рының жоспар ланған саны | Айлық жалақының мөлшері | Жұмыс тың ұзақ тығы аймен есепте генде | Мемлекеттік бюджет қаражат тарынан төленетін айлық жалақының мөлшері (жергілікті бюджет) |
1 | Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жанындағы «Тазалық» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | көркейту бойынша жұмысшы лар | 6 | Жалақының ең төменгі мөлшері | 6 | Ең төменгі жалақының елу пайызы |
2 | Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жанындағы «Көкше Жәрдем» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | аула жинаушы лар, әр түрлі жұмыс істеу шілер, жүргізу шілер, слесарь-сантех ник, трактор шы | 9 | Жалақының ең төменгі мөлшері | 6 | Ең төменгі жалақының елу пайызы |
3 | «Көкшетау Жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | жол жұмысшы лар | 5 | Жалақының ең төменгі мөлшері | 6 | Ең төменгі жалақының елу пайызы |
4 | «Акбидай» пәтер иелерінің кооперативі | аула жинаушы лар | 2 | Жалақының ең төменгі мөлшері | 6 | Ең төменгі жалақының елу пайызы |
5 | «Изанова К.М.» жеке кәсіпкерлігі | пеш жағушы монша жинаушы, | 2 | Жалақының ең төменгі мөлшері | 6 | Ең төменгі жалақының елу пайызы |
6 | «Казбеков М.А.» жеке кәсіпкерлігі | аула жинаушы, даяшы | 2 | Жалақының ең төменгі мөлшері | 6 | Ең төменгі жалақының елу пайызы |
7 | «Шокаева Ж.Я.» жеке кәсіпкерлігі | аспазшы, ағаш ұстасы, сантех ник, ғимарат ішін жинаушы | 2 | Жалақының ең төменгі мөлшері | 6 | Ең төменгі жалақының елу пайызы |
8 | «Амерханов А.А.» жеке кәсіпкерлігі | слесарь әр түрлі жұмыс істеуші | 2 | Жалақының ең төменгі мөлшері | 6 | Ең төменгі жалақының елу пайызы |