2012 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілер тізбесін бекіту туралы
Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2012.05.10 № 112 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2012 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілер тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Б. Ахметов
Әкімдіктің
2012 жылғы 27 қаңтар № 38
қаулысымен бекітілген
2012 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға
жұмыс берушілер тізбесі
жұмыс берушілер тізбесі
№ | Жұмыс берушінің атауы | Кәсіп (мамандық) | Ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының саны | Айлық жалақы мөлшері (теңге) | Жұмыстың ай бойынша ұзақтығы | Мемлекеттік бюджет қаражатынан өтелетін айлық жалақының мөлшері (теңге) | ||
бірінші 6 ай- 50% | келесі үш ай- 30% | соңғы үш ай- 15% | ||||||
1. | "Д. Турлыханов и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | аспазшы | 1 | 30000 | 8 | 15000 | 9000 | - |
есеп жөніндегі бригадир | 1 | 28750 | 8 | 14375 | 8625 | - | ||
С, Е, Д санаттағы жүргізушілері | 3 | 40000 | 8 | 20000 | 12000 | - | ||
механизатор | 3 | 44500 | 8 | 22250 | 13350 | - | ||
автоэлектрик | 1 | 30000 | 8 | 15000 | 9000 | - | ||
2. | Жеке кәсіпкер Салтыков Алексей Николаевич | автослесарь | 2 | 30000 | 11 | 15000 | 9000 | 4500 |
3. | "Джайляу КЗ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | медбике | 2 | 40000 | 5 | 20000 | - | - |
сылаушы | 2 | 44500 | 5 | 22250 | - | - | ||
санитарка | 2 | 30000 | 5 | 15000 | - | - | ||
даяшы | 4 | 40000 | 5 | 20000 | - | - | ||
бармен | 1 | 40000 | 5 | 20000 | - | - | ||
горничная | 2 | 30000 | 5 | 15000 | - | - | ||
әртүрлі жұмыстағы адам | 5 | 25000 | 5 | 12500 | - | - | ||
4. | "Жанабек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | бұзаушы | 1 | 27000 | 11 | 13500 | 8100 | 4050 |
5. | "Селена 2010" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | аспазшы | 2 | 44500 | 7 | 22250 | 13350 | - |
даяшы | 2 | 40000 | 7 | 20000 | 12000 | - | ||
ыдыс-аяқ жуушы | 2 | 35000 | 7 | 17500 | 10500 | - | ||
горничная | 2 | 40000 | 7 | 20000 | 12000 | - | ||
әртүрлі жұмыстағы адам | 2 | 40000 | 7 | 20000 | 12000 | - | ||
жасыл желектерді күту бойынша жұмысшы | 1 | 40000 | 7 | 20000 | 12000 | - | ||
аниматор (демалушылардың бос уақытын ұйымдастырушы) | 1 | 40000 | 7 | 20000 | 12000 | - | ||
6. | "Темте" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | бухгалтер | 1 | 30000 | 11 | 15000 | 9000 | 4500 |
таразышы | 1 | 25000 | 11 | 12500 | 7500 | 3750 | ||
7. | "Көмек- Алтын" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | бухгалтер | 1 | 32030 | 11 | 16015 | 9609 | 4804,5 |
инженер | 1 | 39434 | 11 | 19717 | 11830,2 | 5915,1 | ||
заңгер | 1 | 32030 | 11 | 16015 | 9609 | 4804,5 | ||
слесарь | 1 | 29742 | 11 | 14871 | 8922,6 | 4461,3 |