Әкімдіктің 2011 жылғы 3 қазандағы № 280 "Жекешелендіруге жататын, Қарабалық ауданының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012.04.25 № 184 қаулысымен.
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 – бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "Жекешелендіруге жататын, Қарабалық ауданының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" 2011 жылғы 3 қазандағы № 280 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-164 тіркелген, 2011 жылғы 3 қарашада "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын, Қарабалық ауданының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес реттік нөмірлері 6, 7, 8 - жолдармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Ф. Филиппов
Әкімдіктің
2012 жылғы 6 ақпандағы
№ 60 қаулысына қосымша
Жекешелендіруге жататын, Қарабалық ауданының
коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі
коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі
Реттік нөмірі | Объектінің атауы | Объектінің мекенжайы мен балансұстаушы | Негіздемесі | Объектінің жағдайы |
6 | Бұрынғы Светлый бастауыш мектебінің ғимараты, жалпы ауданы 153,2 шаршы метр | Қостанай облысы Қарабалық ауданы Светлое селосы "Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі | "Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 1413 хаты | Жағдайы қанағаттанарлық |
7 | Бұрынғы Березов бастауыш мектебінің ғимараты, жалпы ауданы 196 шаршы метр | Қостанай облысы Қарабалық ауданы Березов селосы "Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі | "Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 1413 хаты | Жағдайы қанағаттанарлықсыз |
8 | "Көмек" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық кенті, "Көмек" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 01-03 хаты | Жағдайы қанағаттанарлық |