Ырғыз ауылдық округі, Ырғыз ауылының көшесіне атау беру туралы
Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және
бүкіл мәтініндегі "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды -
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің
21.09.2016 № 121 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және халқының пікірін ескере отырып Ырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ырғыз ауылдық округінің Ырғыз ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін.
1) Астана көшесі;
2) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз ауылдық округінің әкімі:
ҚЫЗБЕРГЕНОВ Н.