Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы
Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 19.03.2014 № 223 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес және жерлерді аймақтау сұлбасы негізінде Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық салық ставкаларына түзету жасалсын:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 1-қосымшаға сәйкес;
елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) 2-қосымшаға сәйкес.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы
Л. Тихоненко
Аудандық мәслихаттың хатшысы
В. Леонов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Салық комитетінің
Қостанай облысы бойынша Салық
департаментінің Меңдіқара ауданы
бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________ М. Ерқанов
"Меңдіқара ауданының жер
қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________ Ә. Қошанов
Мәслихаттың
2012 жылғы 8 ақпандағы № 16
шешіміне 1 қосымша
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер
салығының базалық салық ставкаларын түзету
салығының базалық салық ставкаларын түзету
Аймақ № | Жер салығының базалық ставкаларын төмендету (-) немесе жоғарылату (+) пайыздары | Аймаққа енгізілген қадастрлық кварталдардың нөмірі мен атауы |
1 | 2 | 3 |
1 | -50 | - |
2 | -40 | - |
3 | -30 | - |
4 | -20 | - |
5 | -10 | - |
6 | 0 | Қарақоға селолық округі 016 Каменскурал селолық округі 033 |
7 | +10 | - |
8 | +20 | - |
9 | +30 | Теңіз селолық округі 021 |
10 | +40 | Соснов селолық округі 036 |
11 | +50 | Алешин селолық округі 026 Буденный селолық округі 023 Введен селолық округі 010 Борков селолық округі 038 Краснопреснен селолық округі 019 Ломоносов селолық округі 013 Михайлов селолық округі 040 Первомай селолық округі 030 |
Мәслихаттың
2012 жылғы 8 ақпандағы № 16
шешіміне 2 қосымша
Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер
учаскелерін қоспағанда) жер салығының
базалық салық ставкаларына түзету
учаскелерін қоспағанда) жер салығының
базалық салық ставкаларына түзету
Аймақ № | Жер салығының базалық ставкаларын төмендету (-) немесе жоғарылату (+) пайыздары | Аймаққа енгізілген қадастрлық кварталдардың нөмірі мен атауы (селолық округтер бойынша) |
1 | 2 | 3 |
1 | -50 | - |
2 | -40 | - |
3 | -30 | Қарақоға селолық округі: Құлшықай селосы 015 Қарақоға селолық округі: Төлеңгүт селосы 015 Қарақоға селолық округі: Байғожа селосы 015 |
4 | -20 | Қарақоға селолық округі: Жарқайың селосы 015 Ломоносов селолық округі: Қаражар селосы 015 |
5 | -10 | Борков селолық округі: Татьянов селосы 037 Введен селолық округі: Камен селосы 009 |
6 | 0 | Ломоносов селолық округі: Лютин селосы 012 Ломоносов селолық округі: Шиелі селосы 032 Краснопреснен селолық округі: Балықты селосы 018 Краснопреснен селолық округі: Лоба селосы 018 |
7 | +10 | Алешин селолық округі: Алқау селосы 025 Введен селолық округі: Милютин селосы 009 |
8 | +20 | Буденный селолық округі: Қызыл ту селосы 022 Введен селолық округі: Загарин селосы 009 Краснопреснен селолық округі: Молодежный селосы 018 Каменскурал селолық округі: Ақсуат селосы 032 |
9 | +30 | Каменскурал селолық округі: Жусалы селосы 032 Ломоносов селолық округі: Қасқат селосы 011 Первомай селолық округі: Русский селосы 029 Первомай селолық округі: Красносельский селосы 029 Соснов селолық округі: Никитин селосы 035 |
10 | +40 | Қарақоға селолық округі: Ұзынағаш селосы 014 Ломоносов селолық округі: Қарамай селосы 012 Михайлов селолық округі: Архипов селосы 041 Соснов селолық округі: Приозерный селосы 035 |
11 | +50 | Боровской селосы 001-006 Алешин селолық округі: Алешин селосы 025 Алешин селолық округі: Молодежный селосы 024 Буденный селолық округі: Буденный селосы 022 Введен селолық округі: Введен селосы 008 Борков селолық округі: Борки селосы 037 Краснопреснен селолық округі: Красная Пресня селосы 017 Каменскурал селолық округі: Каменскурал селосы 031 Ломоносов селолық округі: Көктерек селосы 032 Михайлов селолық округі: Михайлов селосы 039 Михайлов селолық округі: Степанов селосы 041 Первомай селолық округі: Первомай селосы 027, 028 Первомай селолық округі: Иванов селосы 029 Первомай селолық округі: Долбуш селосы 029 Первомай селолық округі: Лесной селосы 035 Теңіз селолық округі: Теңіз селосы 020 Теңіз селолық округі: Новониколаев селосы 020 Соснов селолық округі: Харьков селосы 034 Первомай селолық округі: Чернышев селосы 029 Соснов селолық округі: Сосна селосы 035 |