Әкімдіктің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 2 "2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-198 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 ақпанда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С.Сапароваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
В. Радченко
Әкімдіктің
2012 жылғы 3 шілдедегі
№ 312 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2012 жылғы 10 қаңтардағы
№ 2 қаулысымен
бекітілген
Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері,
көлемдері және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға
қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының
мөлшері және оларды қаржыландыру көзі
көлемдері және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға
қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының
мөлшері және оларды қаржыландыру көзі
Ұйымның атауы | Жұмыстың түрлері | Жұмыстың көлемдері | Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы | Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың саны | Қаржыландыру көзі | Еңбегіне төленетін ақының мөлшері | Қоғамдық жұмыстарға ақы төлеу | Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары |
Лисаков қаласы әкімдігінің "Ұста" мемле- кеттік комму- налдық кәсіпорны | Қыметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, Лисаков қаласының аумағын абаттандыруға және көгал- дандыруға, Лисаков қаласының, Октябрь кентінің, Красногор селосының аумақтарын санитарлық тазалауға қатысу | Лисаков қаласы- 23953920 шаршы метр; Октябрь кенті– 3992320 шаршы метр; Красно- гор селосы – 1996160 шаршы метр | 3 ай | Барлы- ғы: 130 адам, оның ішін- де: Лиса- ков қала- сында- 106 адам, Ок- тябрь кен- тінде -16 адам, Крас- ногор село- сында -8 адам | Лиса- ков қала- сының бюдже- ті | Айына ең төмен- гі 2 жалақы мөлше- рі | Барлығы 2012 жылға: 14312,0 мың теңге қаралды, оның ішінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдасты- руға: Лисаков қаласында 11450,0 мың теңге, Октябрь кентінде 1908,0 мың теңге, Красногор селосында 954,0 мың теңге. | 1) жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс; 2) заңнамаға сәйкес еңбек жағдайлары мен қорғауды қамтамасыз ету, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау жүргізу; 3) Қазақстан Республикасы ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы барлық еңбек қатынастарын сақтау; 5) зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнаманы сақтау. |