Жалағаш ауданы әкiмдiгiнiң қаулысына 2012 жылғы 10 қаңтардағы N 1 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы" өзгерiстер енгiзу туралы
Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 24.03.2016 № 63 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап
қолданысқа енгізіледі).
Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 23.06.2014 N 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы" Жалағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 10 қаңтардағы N 1 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 10-6-203 болып тiркелген, 2012 жылғы 25 ақпанда "Жалағаш жаршысы" газетiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота бес пайыз мөлшерiнде белгiленсiн.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкiмiнiң орынбасары А.Дәрiбаевқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жалағаш ауданының әкiмi
С. Сермағамбетов