"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 жыл, № 25, 347-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
көрсетілген Санитариялық қағидаларға 7-қосымшада 1-кесте осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Премьер-Министрі
С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 қаңтардағы
№ 40 қаулысына
қосымша
«Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
7-қосымша
Денсаулық сақтау объектілерінің функционалдық белгіленуіне және тазалық сыныбына байланысты үй-жайлардағы ауа ортасының бактериялық тұқымдалуының рұқсат етілген деңгейлері
«
1-кесте
№ | Тазалық Сыныбы | Үй-жай атауы | Санитариялық-микробиологиялық көрсеткіштер | |||||
Ауаның 1 м3микроорганизмдердің жалпы саны (КОЕ/м3) | Ауаның 1 м3Staphylococcus aureus колониялар саны (КОЕ/м3) | Ауаның 1 дм3 зең және ашытқы грибоктарының саны | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Өте таза (А) | Операциялық, босандыру залдары, гематологиялық, күйігі бар пациенттерге арналған асептикалық бокстар, шала туған балаларға арналған палаталар, дәріханалардың | Жұмыс басталғанға дейін | Жұмыс кезінде | Жұмыс басталғанға дейін | Жұмыс кезінде | Жұмыс басталғанға дейін | Жұмыс кезінде |
асептикалық блогы, стерилизациялық (таза бөлігі), бактериологиялық зертханалардың бокстары, диализдік залдары | 200 артық емес | 500 артық емес | болмауы тиіс | болмауы тиіс | болмауы тиіс | болмауы тиіс | ||
2 | Таза (Б) | Емшара, таңып-байлау, операция алды, реанимация залдары мен палаталары, балалар палаталары, емшек сүтін жинау және пастерлеу бөлмелері, ассистент және дәріханалардың өлшеп-орау бөлмесі, бактериологиялық және клиникалық зертханалардың зерттеу жүргізуге арналған үй-жайы, хирургиялық және стоматологиялық қабылдау кабинеттері | 500 артық емес | 750 артық емес | болмауы тиіс | болмауы тиіс | болмауы тиіс | болмауы тиіс |
3 | Шартты таза (В) | Хирургиялық бөлімшелер палаталары, операциялық, босандыру залына жалғасатын дәліздер, қарау кабинеттері, инфекциялық бөлімше бокстарымен палаталары, ординаторлық, материалдық, таза киім-кешек қоймасы | 750 артық емес | 1000 артық емес | болмауы тиіс | 2 артық емес | болмауы тиіс | болмауы тиіс |
»