Әулиекөл ауданында 2013 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7–бабының 5) тармақшасына, 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 30.09.2013 № 343 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қоса беріліп отырған, 2013 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері мен нақты жағдайлары, кәсіпорындардың Тізбесі бекітілсін.
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жолдауда осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісі негізінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік салықты, қосылған құн салығын және ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының пайдаланбаған күндеріне өтемақылық төлемдерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен 2013 жылға белгіленген ең төменгі айлық жалақының бір жарым мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін шығындарын өтесін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.С. Нұғмановаға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
міндетін атқарушы
Р. Нұғманова
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
"Әулиекөл аудандық орталық
ауруханасы" шаруашылықты
жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының бас дәрігері
_________ Шульгин С.В.
Әулиекөл ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
_________ Тетерюк Л.Е.
Әкiмдіктің
2013 жылғы 5 наурыз
№ 118 қаулысымен
бекітілген
2013 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері мен нақты жағдайлары, кәсіпорындардың тізбесі
№ | Кәсіпорынның атауы | Жұмыс түрлері | Жұмыстардың көлемі (сағаттар) | Жұмыстардың нақты жағдайлары |
1 | Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы" шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | Ауруханалық кешеннің аумағын көркейту: ауруханалық кешеннің аумағын жинау – 43848 шаршы метр; ағаштарды және көшеттерді қию – 1000 дана, ағаштарды ақтау – 200 дана; қоршауды сырлау – 400 шаршы метр. Әулиекөл селосын көркейту: Байтұрсынов, Алтынсарин, Октябрь, Ленин, Сиянов, Баймағамбетов, Пушкин, Еркімбаев, Островский, Юбилейная көшелерінің ағаштарын ақтау – 500 дана; Байтұрсынов, Ленин, Алтынсарин, Сиянов, Уәлиханов, Юбилейная көшелерінің ағаштарын және көшеттерін қию – 1000 дана; Алтынсарин, Байтұрсынов, 1-Май, Октябрь, Баймағамбетов, Тұрғымбаев, Пролетарская, Кустанайская, Ленин, Юбилейная, Еркімбаев, Мамедов, Сиянов, Торғай, Островский, Жемелей, 9 Пятилетка, Амангелді, Гагарин, Дорожная көшелерінің аумағын жинау- 540000 шаршы метр; Комсомольское, Купальное, Учительское, Пожарное, Больничное көлдеріне іргелес аумақтарды жинау – 15500 шаршы метр; Ленин, Байтұрсынов, Октябрьская, Сиянов, Алтынсарин, Уәлиханов көшелерінің бойындағы тротуарларды, аллеяларды, скверлерді және оған іргелес аумақтарын жинау – 19200 шаршы метр; спорт кешеніне іргелес аумақты жинау – 40000 шаршы метр. Аманқарағай селосын көркейту: Жамбыл, Приэлеваторная, Гагарин, Пацаев, Ленин, Кустанайская, Советская, Приозерная көшелерінің аумақтарын жинау – 145500 шаршы метр; орталық алаңды жинау – 10000 шаршы метр; село орталығындағы ағаштарды және көшеттерді қию – 250 дана; Пацаев, Кустанайская көшелерінде ағаштарды отырғызу – 1700 дана; село орталығында гүлбақтар отырғызу, үнемі суару және шөп жұлу – 90 шаршы метр; село орталығындағы ескерткішті ақтау – 65 шаршы метр. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы үй-жайын ақтауға, сырлауға қатысу – 2000 шаршы метр. Диевка селосын көркейту: Абай, Мир, Ленин, Майлин, Комсомольская, Баймағамбетов, Рысқұлов көшелері аумақтарын жинау – 160000 шаршы метр; скверді, Мәдениет үйіне іргелес аумақтарды жинау – 10400 шаршы метр; Абай, Мир, Ленин көшелері бойындағы қоршауларды және жиектастарды ақтау – 180 шаршы метр; ағаштар отырғызу – 100 дана; ағаштарды және көшеттерді қию – 500 дана; ағаштарды ақтау – 500 дана, бағандарды бояу – 60 дана; село орталығында гүлбақтар отырғызу, үнемі суару және шөп жұлу – 80 шаршы метр; сквердегі екпе ағаштарды үнемі суару және шөбін жұлу – 180 шаршы метр; село орталығындағы ескерткішті ақтау – 63 шаршы метр. Октябрь селосын көркейту: Баймағамбетов, Ленин, 60 лет Казахстана, Әуезов, Мир, Абай, Советская, Юбилейная, Новая көшелерінің аумақтарын жинау – 28000 шаршы метр; орталық алаңды және Мәдениет үйіне, дәрігерлік амбулаторияға іргелес аумақтарды жинау – 7000 шаршы метр, ағаштар мен көшеттерді қию – 400 дана; Баймағамбетов, Ленин көшелері бойында ағаштар отырғызу – 200 дана; село орталығында гүлбақтар отырғызу, үнемі суару және шөп жұлу – 16 шаршы метр; село орталығындағы ескерткішті ақтау, сырлау – 50 шаршы метр; сквердің аумағын жинау - 3000 шаршы метр. Кітапхана ғимаратын ақтауға, сырлауға қатысу – 53 шаршы метр. Қазанбасы селосын көркейту: Вокзальная, Привокзальная, Северная көшелерінің аумақтарын жинау – 14000 шаршы метр. Қосағал селосын көркейту: Қазақ, Комсомольская, Новая көшелерінің аумақтарын жинау – 14000 шаршы метр; скверді жинау – 1200 шаршы метр, ағаштар мен көшеттерді қию – 300 дана, қоқыс тиеу – 2 тонна; село орталығында ағаштар отырғызу – 300 дана; село орталығындағы ескерткішті ақтау, сырлау – 120 шаршы метр; Мир, 20 лет Целины, Қазақ көшелерін жинау, оған іргелес аумақтарын тазарту – 168 шаршы метр, құрылыс қоқыстарын тиеу – 9 тонна. Мектеп, медициналық пункттің үй-жайларын ақтауға, сырлауға қатысу – 1350 шаршы метр. Құсмұрын кентін көркейту: Ленин, Карл Маркс, Кәукетаев, Степная, Серіков, Калинин, Горький, Фадеев көшелерінің, Железнодорожная тұйық көше аумақтарын жинау – 159700 шаршы метр; кент орталығындағы аллеяларды жинау – 1000 шаршы метр, ағаштар мен көшеттерді қию – 300 дана, ағаштарды ақтау – 100 дана; мәдениет саябағының аумағын жинау – 8000 шаршы метр, ағаштар мен көшеттерді қию – 300 дана, ағаштарды ақтау – 150 дана, қоқыс тиеу – 2 тонна; кенттің ауруханасына іргелес аумақтарын жинау – 25000 шаршы метр, ағаштар мен көшеттерді қию – 100 дана, қоқыс тиеу – 2 тонна; Мәдениет үйіне іргелес аумақты жинау – 20000 шаршы метр; ағаштар мен көшеттерді қию – 200 дана, қоқыс тиеу – 2 тонна; көшелердің бойында ағаш отырғызу: Ленин – 20 дана, Калинин – 20 дана, Карл Маркс – 40 дана, Горький – 10 дана, орталық саябақтың аумағына – 20 дана, орталық аллеяға - 20 дана; кенттің орталығындағы ескерткішті ақтау, сырлау – 50 шаршы метр. Москалевка селосын көркейту: Карпов, Наметов, Апрельская, Баймағамбетов, Восточная, Ростовцев көшелері аумақтарын жинау – 29120 шаршы метр; село орталығындағы скверлерді жинау – 24500 шаршы метр, ағаштарды және көшеттерді қию – 600 дана, қоқыс тиеу – 10 тонна; село орталығында ағаштар отырғызу – 400 дана; стадион аумағын жинау – 27200 шаршы метр; село орталығындағы ескерткішті ақтау, сырлау – 30 шаршы метр; Ростовцев көшесінің аумағын жинау, оған іргелес аумақтарын жинау – 800 шаршы метр, құрылыс қоқыстарын тиеу – 10 тонна. Дәрігерлік амбулаторияны, орталық кеңсені, Мәдениет үйін ақтауға, сырлауға қатысу – 2640 шаршы метр. Новонежинка селосын көркейту: Комсомольская, Студенческая, Терешкова, Восточная, Западная көшелерінің аумақтарын, автобус аялдамаларын жинау – 57500 шаршы метр; орталық алаңды, скверді жинау – 11000 шаршы метр; село орталығында ағаштар отырғызу – 250 дана; село орталығындағы ескерткішті, Пришкольная, Жданов көшелері бойындағы Бауырластар зиратын ақтау, сырлау – 60 шаршы метр; село орталығында гүлбақтарды отырғызу, үнемі суару және шөп жұлу – 30 шаршы метр. Дәрігерлік амбулатория, мектеп үй-жайларын ақтауға, сырлауға қатысу – 400 шаршы метр. Новоселовка селосын көркейту: Ленин, Баймағамбетов, Комсомольская, 60 лет СССР, Мир, Гагарин, Подстанционная көшелерінің аумақтарын жинау – 32000 шаршы метр; Мектеп үй-жайын ақтауға, сырлауға қатысу – 933 шаршы метр. Соснов селосын көркейту: көшелердің аумақтарын жинау – 30000 шаршы метр; мектеп үй-жайларын ақтауға, сырлауға қатысу – 1360 шаршы метр. Қырқуыс селосын көркейту: село көшелерін жинау – 12000 шаршы метр. Мектеп үй-жайларын ақтауға, сырлауға қатысу – 880 шаршы метр. Аққұдық селосын көркейту: село көшелерін жинау – 16000 шаршы метр. Мектеп үй-жайларын ақтауға, сырлауға қатысу – 1360 шаршы метр. Юльевка селосын көркейту: Баймағамбетов, Ленин, Панфилов, Комсомольская, Халиулин көшелерінің аумақтарын жинау – 23800 шаршы метр; демалыс саябағының аумағын жинау – 31860 шаршы метр; село орталығында гүлбақтарды отырғызу, үнемі оны суару және шөп жұлу – 85 шаршы метр. Тимофеевка селосын көркейту: Нечипуренко, Школьная, Тұрғымбаев көшелерінің аумақтарын жинау – 24500 шаршы метр; ағаштар мен көшеттерді қию – 750 дана; село орталығында гүлбақтарды бөлу, үнемі суару және шөп жұлу – 36 шаршы метр; орталық саябақ пен сквердің аумағын жинау – 12500 шаршы метр. Дәрігерлік амбулатория үй-жайын ақтауға, сырлауға қатысу – 250 шаршы метр. Мектеп үй-жайын ақтауға, сырлауға қатысу – 2500 шаршы метр. Қ. Тұрғымбаев атындағы селоны көркейту: Абай, Больничная, Школьная, Алтынсарин, Молодежная көшелерінің аумақтарын жинау – 72000 шаршы метр; село орталығында ағаштар отырғызу – 500 дана; село орталығындағы ескерткішті ақтау, сырлау – 40 шаршы метр; село орталығындағы саябақтың аумағын жинау – 12000 шаршы метр; село орталығында гүлбақтарды бөлу, үнемі оны суару және шөп жұлу – 20 шаршы метр; Абай, Школьная, Больничная көшелерін жинау, оған іргелес аумақтарын жинау – 10500 шаршы метр, құрылыс қоқыстарын тиеу – 60 тонна. Черниговка селосын көркейту: Ленин, Резниченко, Комсомольская, Абай, Черкашин, Школьная, Октябрьская, Новая көшелерінің аумақтарын жинау – 69000 шаршы метр; орталық алаң аумағын жинау – 5500 шаршы метр; село орталығындағы ағаштар мен көшеттерді қию – 400 дана; село орталығында ағаштар отырғызу – 200 дана; село орталығындағы ескерткішті ақтау, сырлау – 100 шаршы метр. Харьков селосын көркейту: Селоның орталық алаңының, көшелерінің аумақтарын жинау – 18000 шаршы метр. Дұзбай селосын көркейту: көшелерінің аумақтарын жинау – 12000 шаршы метр. Первомай селосын көркейту: Советская, Школьная, Жамбыл, Уәлиханов көшелерінің аумақтарын жинау – 32000 шаршы метр; село орталығындағы ағаштар мен көшеттерді қию – 300 дана; село орталығында ағаштар отырғызу – 200 дана; село орталығындағы қоршауды ақтау – 700 шаршы метр; село орталығында гүлбақтарды отырғызу, үнемі оны суару және шөп жұлу – 200 шаршы метр; село орталығындағы ескерткішті ақтау, сырлау – 100 шаршы метр. Көктал селосын көркейту: орталық көшенің аумағын жинау – 10900 шаршы метр; фельдшерлік пунктке, Мәдениет үйіне іргелес аумақтарын жинау – 3600 шаршы метр; ағаштарды қию – 240 дана; село орталығында ағаштар отырғызу – 100 дана; село орталығында гүлбақтарды отырғызу, үнемі оны суару және шөп жұлу – 40 шаршы метр. Алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді. | 11696 384 96 200 200 181104 64 6720 12936 48216 2520 56 320 840 16 528 54000 2400 48 32 160 80 840 1680 16 10752 2400 64 840 16 40 16 5376 5376 80 64 32 176 384 60480 96 1600 3640 4200 32 24 10752 9408 96 64 8 648 704 16128 4032 64 32 864 112 8064 256 6720 360 2016 240 1344 360 8064 12096 840 7056 240 840 2520 64 640 20160 144 8 2520 672 8400 19152 1008 128 48 24 6720 4032 10800 64 40 160 2016 24 3024 1008 48 40 840 | Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтылығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді ескере отырып, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен, аптасына 40 сағаттан артық емес. |