Байғанин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 23 "Байғанин ауданы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 20.04.2016 № 73 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 124-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 23 «Байғанин ауданы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 23 ақпанда № 3-4-139 тіркелген, 2012 жылғы 1 наурызда «Жем Сағыз» аудандық газетінің № 10 (7110) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Н. Аққұл