Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 213 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2015 № 210 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 213 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7382 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 37-38 (27110) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2011 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі – 2011 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығы болып белгіленсін.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қ. Келімбетов