Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы
Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 12.02.2015 № 289 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес және жерлерді аймақтау сұлбасы негізінде Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық салық ставкаларына түзету жасалсын:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 1-қосымшаға сәйкес;
елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) 2-қосымшаға сәйкес.
2. Мәслихаттың 2012 жылғы 8 ақпандағы № 16 "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-15-169 тіркелген, 2012 жылғы 15 наурызда "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы
М. Гизбрехт
Аудандық
мәслихаттың хатшысы
мәслихаттың хатшысы
В. Леонов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша
Салық департаментінің Меңдіқара ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ К. Сальник
"Меңдіқара ауданының жер
қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ Ә. Қошанов
Мәслихаттың
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 223 шешіміне 1-қосымша
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге
жер салығының базалық салық ставкаларын түзету
жер салығының базалық салық ставкаларын түзету
Аймақ № | Жер салығының базалық ставкаларын төмендету (-) немесе жоғарылату (+) пайыздары | Аймаққа енгізілген қадастрлық кварталдардың нөмірі мен атауы |
1 | 2 | 3 |
1 | -50 | - |
2 | -40 | - |
3 | -30 | - |
4 | -20 | - |
5 | -10 | - |
6 | 0 | Қарақоға ауылдық округі 016 Каменскорал ауылдық округі 033 |
7 | +10 | - |
8 | +20 | - |
9 | +30 | Теңіз ауылдық округі 021 |
10 | +40 | Соснов ауылдық округі 036 |
11 | +50 | Алешин ауылдық округі 026 Буденный ауылдық округі 023 Введен ауылдық округі 010 Борков ауылдық округі 038 Краснопреснен ауылдық округі 019 Ломоносов ауылдық округі 013 Михайлов ауылдық округі 040 Первомай ауылдық округі 030 |
Мәслихаттың
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 223 шешіміне 2-қосымша
Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі
жер учаскелерін қоспағанда) жер салығының базалық
салық ставкаларына түзету
жер учаскелерін қоспағанда) жер салығының базалық
салық ставкаларына түзету
Аймақ № | Жер салығының базалық ставкаларын төмендету (-) немесе жоғарылату (+) пайыздары | Аймаққа енгізілген қадастрлық кварталдардың нөмірі мен атауы (ауылдық округтер бойынша) |
1 | 2 | 3 |
1 | -50 | - |
2 | -40 | - |
3 | -30 | Қарақоға ауылдық округі: Құлшықай ауылы 015 Қарақоға ауылдық округі: Төлеңгүт ауылы 015 Қарақоға ауылдық округі: Байғожа ауылы 015 |
4 | -20 | Қарақоға ауылдық округі: Жарқайың ауылы 015 Ломоносов ауылдық округі: Қаражар ауылы 015 |
5 | -10 | Борков ауылдық округі: Татьяновка ауылы 037 Введен ауылдық округі: Каменка ауылы 009 |
6 | 0 | Ломоносов ауылдық округі: Шиелі ауылы 032 Краснопреснен ауылдық округі: Балықты ауылы 018 Краснопреснен ауылдық округі: Лоба ауылы 018 |
7 | +10 | Алешин ауылдық округі: Алқау ауылы 025 Введен ауылдық округі: Милютинка ауылы 009 |
8 | +20 | Буденный ауылдық округі: Қызылту ауылы 022 Введен ауылдық округі: Загаринка ауылы 009 Краснопреснен ауылдық округі: Молодежное ауылы 018 Каменскорал ауылдық округі: Ақсуат ауылы 032 |
9 | +30 | Каменскорал ауылдық округі: Жусалы ауылы 032 Ломоносов ауылдық округі: Қасқат ауылы 011 Первомай ауылдық округі: Красносельское ауылы 029 Соснов ауылдық округі: Никитинка ауылы 035 |
10 | +40 | Қарақоға ауылдық округі: Ұзынағаш ауылы 014 Ломоносов ауылдық округі: Қарамай ауылы 012 Михайлов ауылдық округі: Архиповка ауылы 041 Соснов ауылдық округі: Приозерное ауылы 035 |
11 | +50 | Боровское ауылы 001-006 Алешин ауылдық округі: Алешинка ауылы 025 Алешин ауылдық округі: Молодежное ауылы 024 Буденный ауылдық округі: Буденновка ауылы 022 Введен ауылдық округі: Введенка ауылы 008 Борков ауылдық округі: Борки ауылы 037 Краснопреснен ауылдық округі: Красная Пресня ауылы 017 Каменскорал ауылдық округі: Каменскуральское ауылы 031 Ломоносов ауылдық округі: Көктерек ауылы 032 Михайлов ауылдық округі: Михайловка ауылы 039 Михайлов ауылдық округі: Степановка ауылы 041 Первомай ауылдық округі: Первомайское ауылы 027,028 Первомай ауылдық округі: Ивановка ауылы 029 Первомай ауылдық округі: Долбушка ауылы 029 Первомай ауылдық округі: Лесное ауылы 035 Теңіз ауылдық округі: Теңіз ауылы 020 Теңіз ауылдық округі: Новониколаевка ауылы 020 Соснов ауылдық округі: Харьковское ауылы 034 Первомай ауылдық округі: Чернышевка ауылы 029 Соснов ауылдық округі: Сосна ауылы 035 |