1-бап Еуразиялық экономикалық одақты құру. Құқық субъектілігі
1. Тараптар осы Шартпен Еуразиялық экономикалық одақты (бұдан әрі - Одақ, ЕАЭО) құрады, оның шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы, осы Шартпен және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен айқындалған экономика салаларында үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізу қамтамасыз етіледі.
2. Одақ халықаралық құқық субъектілігіне ие, өңірлік экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы болып табылады.