"Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 8265 тіркелген, 2013 жылғы 16 наурызында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған № 97-98 (27371-27372)) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ж-1 нысан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі бақылау, нақты сектор бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 27 қазандағы № 458
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 562 бұйрығына
50-қосымша
Ж-1 нысаны
ЖСН/БСН
Тапсырыс беруші __________________________________________________
толық атауы, мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер
Орындаушы ________________________________________________________
толық атауы, мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер
Шарт (келісімшарт)______________№__________ «__»____________20__ж.
Құжат нөмірі | Жасалған күні |
ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ (КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ) АКТІЛЕРІ *
Рет бойынша нөмірі | Жұмыстардың (қызметтердің) атауы (техникалық ерекшеліктеріне, тапсырмаға, жұмысты орындау кестесіне сәйкес кiшi түрлерінің бөлінісінде болған жағдайда) | Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) күні** | Маркетингтік, ғылымдық зерттеулер, кеңестік және өзге де қызметтер жайлы есептің болуы туралы мәліметтер (күні, нөмірі, парақтар саны)*** | Өлшем бірлігі | Жұмыстар орындалды (қызметтер көрсетілді) | ||
саны | бірлік үшін бағасы | сомасы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Жиыны | х |
Тапсырыс берушіден алынған қорлар туралы мәліметтер ______________
атауы, саны, құны
Қосымша: _______________________________ құжаттамалар тізбесі, оның
ішінде маркетингтік, ғылымдық зерттеулер, кеңестік және өзге де
қызметтер жайлы есептер (олар болған жағдайда міндетті) ____ парақта
Тапсырған (Орындаушы)___________/________________/______________
Қабылдаған (Тапсырыс беруші)_________/___________/______________
лауазымы қолы қолды таратып жазу лауазымы қолы қолды таратып жазу
М.О.
Жұмыстарға (қызметтерге) қол қойған (қабылдаған) күні __________
М.О.
* Құрылыс-монтаж жұмыстарын қоспағанда, жұмыстарды (қызмет
көрсетулерді) өткізу - қабылдап алу үшін қолданылады.
** Егер орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) күні
әртүрлі кезеңдерінде түсетін жағдайда, сондай-ақ егер жұмыстарды
(қызметтерді) орындау күні, қол қою (қабылдау) күні әртүрлі болған
жағдайда толтырылады.
*** Ғылыми зерттеулер, маркетингтік, консультациялық және басқа
қызметтер туралы есеп болған жағдайда толтырылады.