«2015 жылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 292 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 292 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 23.09.2016 № 172 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабы негізінде мемлекеттік кепілдік жүйесін кеңейту және жұмысқа орналасу кезінде қиыншылық көріп отырған халықтың әртүрлі топтарын қолдау мақсатында, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 292 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 3605 тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 3 (512), «Пульс района» газетінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 3 (6831) жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
әкімдіктің қаулысының қосымшасының 24 жолының 3 бағаны келесі мазмұнмен толықтырылсын: «іргелес аумақты тазалау»;
әкімдіктің қаулысының қосымшасының 24 жолының 5 бағаны келесі мазмұнмен толықтырылсын: «2».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Атаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі
Г. Акулов
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы № 25
каулысына қосымша
2015 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және нақты шарттары
№ 1 | Жұмыс берушінің атауы | Қоғамдық жұмыс түрлері | Атқарылатын жұмыстардың көлемі | Сұраныс (жарияланған қажеттілік, орындар саны) | Ұсыныс (бекітілді, адамдар саны) | Қаржыландыру көзі |
24 | «Бородулиха ауданының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | үй - жайларды жинау іргелес аумақты тазалау | ай сайын 115 ш.м. | 4 2 | 4 | Бородулиха ауданының бюджеті |