Халықаралық іскерлік
операциялары мәмілелер
мониторингіне жататын
тауарлар (жұмыстар, қызметтер)
тізбесін бекіту туралы
операциялары мәмілелер
мониторингіне жататын
тауарлар (жұмыстар, қызметтер)
тізбесін бекіту туралы
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Министр
Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 194 бұйрығымен
бекітілген
бекітілген
Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне
жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер)
тізбесі
жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер)
тізбесі
Р/с № | Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
1 | 2 | 3 |
1 | Мұнай және мұнай өнімдері: | |
Шикі мұнай | 2709 00 900 | |
Газ конденсаты | 2709 00 100 | |
Жеңіл дистилляттар (бензин) | 2710 12, 2710 12 110 0 - 2710 12 900, 2710 20 900 0 | |
Ауыр дистилляттар (газойлдер) | 2710 19 310 0, 2710 19 350 0, 2710 19 420 0 - 2710 19 480 0, 2710 20 110 0 - 2710 20 190 0 | |
Ауыр дистилляттар (мазут) | 2710 19 620 1 - 2710 19 680 9, 2710 20 310 1 - 2710 20 390 9 | |
2 | Мұнай газдары: | |
Сұйытылған газ | 2711 11 000 0 — 2711 19 000 0 | |
Табиғи газ | 2711 21 000 0 | |
3 | Түсті металдар: | |
Мыс | 7402 00 000 0, 7403 11 000 0 - 7403 29 000 0 | |
Қорғасын | 7801 10 000 0 - 7801 99 900 0 | |
Мырыш | 7901 11 000 0 - 7901 20 000 0 | |
Тантал және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар | 8103 | |
Магний және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар | 8104 | |
Титан және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар | 8108 | |
4 | Өзге де бағалы емес металдар: | |
Бериллий, хром, германий, ванадий, галий, гафний, индий, ниобий (колумбий), рений, таллий және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, олардан жасалатын бұйымдар | 8112 | |
5 | Қара металдар: | |
Қара металдар | 7204, 7205, 7214 — 7217 | |
Ферроқорытпалар | 7202 | |
6 | Бағалы металдар: | |
Алтын | 7108 11 000 0, 7108 12 000, 7108 13 100 0 - 7108 20 000 | |
Күміс | 7106 10 000 0, 7106 91 000, 7106 91 900 9, 7106 92 000 0 | |
7 | Рудалар мен концентраттар: | |
Темір | 2601 | |
Марганец | 2602 00 000 0 | |
Хром | 2610 00 000 0 | |
Қорғасын | 2607 00 000 0 | |
Мырыш | 2608 00 000 0 | |
Мыс | 2603 00 000 0 | |
8 | Органикалық емес химия өнімдері: | |
Алюминий оксиді | 2818 20 000 0 | |
Хром оксидтері мен гидроксидтері | 2819 | |
Уран | 2844 | |
9 | Бидай және меслин | 1001 |
10 | Мақта: | |
Мақта талшығы | 5201 00 100 0, 5201 00 900 0, 5203 00 000 0 | |
11 | Қант | 1701 |
12 | Құрылыс жұмыстары | - |
13 | Жабықтарды монтаждау | - |
14 | Маркетингтік қызметтер | - |
15 | Экспедиторлық қызметтер | - |