Мәмілелер мониторингін
жүзеге асыру қағидаларын
бекіту туралы
жүзеге асыру қағидаларын
бекіту туралы
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 15.12.2017 № 728 (алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Министр
Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 176 бұйрығымен
бекітілген
бекітілген
Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру
қағидалары
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 6 және 7-баптарына сәйкес әзірленген және мәмілеге қатысушының мәміле мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтыруы мен оларды уәкілетті органдарға тапсыру тәртібін, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың, оның ішінде мәміле мониторингіне жатпайтын тауарлармен мәмілені жүзеге асыратындардың мәміле мониторингі бойынша құжаттама жүргізуінің тәртібін айқындайды.
2. Мәмілелер мониторингін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары мәмілеге қатысушылар қолданатын бағаларға бақылау жүргізу жолымен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 130-бабына сәйкес мониторингке жататын салық төлеушілерден «Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10680 болып тіркелген) сәйкес халықаралық іскерлік операциялар жөнінде ақпараттар жинау арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы
министрінің 18.02.2019 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру тәртібі
3. Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша мәмілелерге қатысушылар «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» және «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын (бұдан әрі - мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі - Салық комитеті) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей табыс етеді. Күнтізбелік бір жыл есепті кезең болып табылады.
4. Мәмілелер мониторингі бойынша толтырылған есептілік нысандары Мемлекеттік кірістер комитетіне осы Қағидаларға 1 және 2 қосымшаларға сәйкес нысанда салық есептілігін мемлекеттік кірістер қызметі органдарының қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етіледі.
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.
Қағидалардың осы тармағында белгіленген тәртіппен жіберілетін хабарламада көрсетілген салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабы қабылдаған күн Мемлекеттік кірістер комитетіне мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарының электронды түрде табыс етілген күні болып табылады.
Мемлекеттік кірістер комитетіне мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын тапсыру үшін осы Қағидаларда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы табыс етілген мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары мерзімінде табыс етілді деп есептеледі.
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары электронды түрде табыс етілген кезде Мемлекеттік кірістер комитеті, мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей мәмілеге қатысушыға көрсетілген жүйенің мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жібереді.
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары, егер:
1) осы Қағидаларда белгіленген нысандарға сәйкес келмесе;
2) мемлекеттік кірістер органының коды көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;
3) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;
4) салық кезеңі көрсетілмесе;
5) электрондық цифрлық қолтаңбасы болмаса немесе дұрыс емес болса;
6) осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарының елу бірінші бөлігінің талаптары бұзылса;
7) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарының электрондық формат құрылымы бұзылса, Мемлекеттік кірістер комитетіне табыс етілмеген деп есептеледі.
Мемлекеттік кірістер органдарының бағдарламалық қамтамасыз етілімінде электрондық түрдегі мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын уақтылы табыс етуге әсер ететін техникалық қателер анықталған жағдайда, Мемлекеттік кірістер комитеті мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын табыс ету мерзімін осындай есептілік нысандарын табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап алты айдан аспайтын кезеңге ұзартады.
5. Осы Қағидалардың 2-тармағында айқындалған мәмілелерге қатысушыларда есепті кезеңде халықаралық іскерлік операциялар болмағанда, мұндай мәмілелерге қатысушылар мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын Мемлекеттік кірістер комитетіне табыс етпейді.
6. Егер мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын табыс ету мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келген жағдайда табыс ету мерзімі келесі жұмыс күні болып табылады.
7. Мемлекеттік кірістер органдары тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша халықаралық іскерлік операциялардың мәмілелер мониторингін Заңның 6-бабына сәйкес жүзеге асырады.
8. Мәмілелер мониторингі нәтижелері бойынша мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуы анықталған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары мәмілеге қатысушының салық салу объектілеріне, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілерге дербес түзету жасауы үшін мәмілеге қатысушыға мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуының орын алғаны туралы хат жібереді.
Мәмілеге қатысушы мемлекеттік кірістер органдарына салық салу объектілеріне, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілерге дербес түзету жасағанын растайтын құжаттарды (ақпаратты) күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынады.
Мәмілеге қатысушы мемлекеттік кірістер органдарына салық салу объектілеріне, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілерге дербес түзету жасағанын растайтын құжаттарды (ақпаратты) ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру тағайындайды.
9. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін мәмілелер мониторингі бойынша қосымша есептілік нысандарын табыс ету жолымен жүргізіледі.
Мәмілелер мониторингі бойынша қосымша есептілік нысандарын табыс ету және өңдеу осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Мәмілелер мониторингі бойынша қосымша есептілік нысандарын жасағанда бағандарда деректер өзгертілген жағдайда жаңа мәндер көрсетіледі, деректері өзгермеген бағандарда бұрын табыс етілген мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарында көрсетілген бастапқы мәндер көрсетіледі.
Мәмілелерге қатысушылар табыс етілген мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру жүргізілу басталғанға дейін енгізеді.»
3. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтыру тәртібі
10. «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары төлеу уақытына қарамастан, экспортқа өткізумен байланысты тауардың тиеп-жөнелтілуіне, жұмыстардың орындалуына, қызметтердің көрсетілуіне қарай толтырылады.
«№» деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі. Одан кейінгі ақпарат рет бойынша нөмірлеуден аспауға тиіс.
«ЖСН» деген 2-бағанда жөнелтуші - мәмілеге қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
«БСН» деген 3-бағанда жөнелтуші - мәмілеге қатысушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
«Жіберушінің (экспорттаушының) атауы» деген 4-бағанда заңды тұлғаның (жөнелтушінің) толық атауы көрсетіліп, оның ұйымдық-құқықтық нысанына сілтеме жасалады.
«Салық кезеңі» деген 5-бағанда мәмілелер мониторингі бойынша есептілік тапсырылатын кезең көрсетіледі.
«Тауарларға декларацияның (Өтініштің) күні» және «Тауарларға декларацияның (Өтініштің) №» деген 6 және 7-бағандарда тауарларға декларацияның күні мен нөмірі немесе Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің (бұдан әрі - Өтініш) күні мен нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте Өтініштің күні мен нөмірі Кеден одағына мүше мемлекеттермен сыртқы экономикалық қызмет жасасқан жағдайда көрсетіледі.
«ЕАЭО СЭҚ ТН коды» деген 8-бағанда Еуразиялық Экономикалық Одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды көрсетіледі.
«Тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы» деген 9-бағанда экспортталатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы көрсетіледі.
«Тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапалық сипаттамалары» деген 10-бағанда осындай шарт болған жағдайда тауардың (жұмыстың, қызметтер) сапасы көрсетіледі.
Тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасы тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапа сертификатында көрсетілген және олардың мақсатына сәйкес белгілі бір қажеттіктерді қанағаттандыруға жарамдылығына негізделген қасиеттерінің, сипаттамасының жиынтығын білдіреді. Қасиеті — тауарды (жұмысты, қызметті) құру, бағалау, сақтау және тұтыну (пайдалану) кезінде білінетін объективті ерекшелігі. Сапа көрсеткіші - тауар (жұмыс, қызмет) қасиеттерінің сандық және сапалық мәні. Сапа көрсеткіші физикалық немесе физикалық емес шамалар болып табылады. Физикалық шамалар (ұзындық, салмақ, тығыздық және тағы басқалар) санмен және сапамен өлшенуі мүмкін. Көрсеткіштің атауы тауардың сапалық сипаттамасы болады (мысалы, шырындағы қанттың салмақтық үлесі, мақта талшығының ұзындығы). Жеке көрсеткіштер - тауардың қарапайым қасиеттерін білдіруге арналған көрсеткіштер. Оларға түсі, қалпы, тұтастығы, қышқылдығы және тағы басқалар жатады.
«Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы беделі» деген 11-бағанда іскерлік кәлеміндегі ұйымның беделі мен кемшіліктері туралы орнықты пікірден тұратын нарықтағы беделі туралы ақпарат көрсетіледі. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы бедел туралы ақпарат тауар (жұмыс, қызмет) сапасы, қаржы жағдайының тұрақтылығы, нарық үлесі, компания туралы ақпаратқа қол жетімділік, оның жариялылығы және танымалдығы сияқты көрсеткіштерден және тағы басқалардан қалыптасады.
«Тауарды жөнелту жұмысты орындау, қызметті көрсету елі» деген
12-бағанда тауар экспортталатын, жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін ел көрсетіледі.
«Тасымалдау түрі» деген 13-бағанда тауарды экспорттау үшін пайдаланылатын көлік түрлері (теміржол, әуе және басқа) көрсетіледі.
«Тауарды (жұмысты, қызметті) шығарушы ел» деген 14-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауар (жұмыс, қызмет) өндірілген ел көрсетіледі.
«Тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші» деген 15-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші көрсетіледі.
«Тауарлық таңбасының (сауда маркасының, брендінің) болуы» деген
16-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарлық таңбасы (сауда маркасы, бренді) көрсетіледі.
«Тауарды жеткізу шарттары» деген 17-бағанда Инкотермске сәйкес тауарды жеткізу шарттары көрсетіледі.
«Тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту күні мен орны» деген
18 және 19-бағандарда тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту күні мен орны керсетіледі.
«Тауардың (жұмыстың, қызметтің) межеленген елі» деген 20-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) межеленген елі көрсетіледі.
«Тауарды (жұмысты, қызметті) жеткізу пункті» деген 21-бағанда тауарды (жұмысты, қызметтер) жеткізу пункті көрсетіледі.
«Сатып алушының атауы» және «Сатып алушының заңды мекенжайы» деген 22 және 23-бағандарда тауарды (жұмысты, қызметті) алушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы және сатып алушының заңды мекенжайы көрсетіледі.
«Сатып алушының тіркелген елі» деген 24-бағанда сатып алушының тіркелген елі көрсетіледі.
«Сауда жасаушы ел» деген 25-бағанда Кеден одағы комиссиясының
2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 «Кеден декларацияларын толтыру үшін қолданылатын жіктеуіштер туралы» шешімімен бекітілген Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауарды (жұмысты, қызметті) сатушы елдің цифрлық коды қойылады.
Мәмілеге қатысушы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды соған сәйкес өткізетін келісімшарт жасасқан тұлға тіркелген немесе тұрақты тұратын ел сауда жасаушы ел деп түсініледі.
«Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланысы туралы ақпарат» деген 26-бағанда ондай деректер болған жағдайда тараптардың (сатушы мен сатып алушыны) өзара байланысы туралы ақпарат көрсетіледі.
«Келісімшарттың (шарттың) күні және №» деген 27 және 28-бағандарда келісімшарттың (шарттың) күні және нөмірі көрсетіледі.
«Шот-фактураның күні және №» деген 29-бағанда шот-фактураның күні және нөмірі керсетіледі.
«Өлшем бірлігі» деген 30-бағанда тауардың өлшем бірлігі (дана, килограмм, тонна, метр, текшеметр, литр, кВТ және Қазақстан Республикасында қолданылатын басқа да өлшем бірліктер) көрсетіледі.
«Тауарды өткізу көлемі» деген 31-бағанда көрсетілген өлшем бірліктерде іс жүзінде жүргізілген тауар экспортының көлемі көрсетіледі.
«Құн (келісімшарт (шарт) валютасымен)» деген 32-бағанда келісімшарт (шарт) валютасымен құны көрсетіледі.
«Мәміле бағасы (келісімшарт (шарт) валютасымен)» деген 33-бағанда келісімшарт (шарт) валютасымен мәміле бағасы көрсетіледі.
«Келісімшарт (шарт) валютасы» деген 34-бағанда келісімшарт (шарт) бойынша экспортталатын тауарға (жұмысқа, қызметке) төлем жүзеге асырылған валюта көрсетіледі.
«Теңге бағамы» деген 35-бағанда тауарға декларация кедендік ресімдеуге қабылданған күнге келісімшарт (шарт) валютасына теңгенің нарықтық бағамы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттау кезінде тауарға ілеспе жүкқұжаттар ресімделген күнге келісімшарт (шарт) валютасына теңгенің нарықтық бағамы көрсетіледі.
«Трансферттік баға белгілеу әдіснамасы» деген 36-бағанда осы баға серпінінің деңгейін негіздейтін мәміле бағаларын белгілеу қағидаттарының жиынтығы көрсетіледі.
«Мәміле бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар» деген 37-бағанда мәміленің бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар көрсетіледі.
«Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс» деген 38-бағанда Заңның 12-бабымен айқындалған және нарықтық бағаны айқындау үшін мәмілеге қатысушы қолданатын әдістердің бірі көрсетіледі.
«Ақпарат көзі» деген 39-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасын айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі көрсетіледі.
«Дифференциал» деген 40-бағанда құжаттамамен және (немесе) Заңның 18-бабында көзделген ақпарат көздерімен расталған мәліметтер көрсетіледі.
«Тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы» деген 41-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы көрсетіледі.
«Мәмілеге қатысушының (экспорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы, қызметінің саласы және нарық шарттары» деген 42-бағанда тауарларды ендіру және (немесе) өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету, оның ішінде коммерциялық делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, консультациялық қызмет, бағалы қағаздармен операциялар бойынша мәмілеге қатысушы қызметінің сипаттамасы көрсетіледі.
«Бизнестің стратегиясы» деген 43-бағанда өнімді өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін қолда бар әлеуетті пайдалану үдерістерінен тұратын, мәмілеге қатысушы бизнесінің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі; ол фирманың мақсаттары, саясаты мен алға қойылған мақсаттарын іске асыру жоспарларын қамтиды, компанияның негізгі қызметі жұмылдырылған бизнестің саласын, сондай-ақ экономикалық және сыртқы экономикалық жетістіктерінің табиғатын айқындайды.
«Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының дұрыс қолданылуын негіздейтін басқа ақпарат» деген 44-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше қолданылатын бағалар бойынша дәлел келтіру мақсатында көрсетуге қажет ақпарат көрсетіледі.
«Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа ақпарат» деген 45-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуына ықпал ететін ақпарат көрсетіледі.
«Экспорттық нарықтардағы тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының болжамы» деген 46-бағанда мәмілеге қатысушы экспорттайтын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының болжамы көрсетіледі.
«Іскерлік операцияларды жүргізу стратегиясы» деген 47-бағанда іскерлік оиерацияларды жүргізудің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі.
«Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттар бойынша есептері, оның ішінде қаржылық есептілік» деген 48-бағанда ұйымның қаржылық жағдайы, оның қызметінің қаржылық нәтижелері және оның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы бірыңғай деректер жүйесін білдіретін ақпарат көрсетіледі.
«Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау» деген 49-бағанда компанияның қызмет саласы, операцияға қатысатын компаниялар арасында міндеттер, тәуекелдер мен активтер қалай бөлінгенін айқындау үшін оның міндеттері, тәуекелдері мен активтері туралы мәліметтер көрсетіледі.
«Маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (кәсіптік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін етемақы» деген 50-бағанда маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақысы көрсетіледі.
«Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысанының 10, 11, 16, 26, 36, 37, 42-50-бағандарында көрсетілуге тиісті ақпарат осындай шарттар мен деректер болған жағдайда Салық комитетінің жазбаша сұрау салуы бойынша, көрсетілген сұрау салуды алған күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде табыс етіледі. Көрсетілген ақпарат өзінің келу тәртібімен немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қағаз және (немесе) электрондық тасығышта қосымша түрінде табыс етіледі. Көрсетілген ақпарат бар болса «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысанының 10, 11, 16, 26, 36, 37, 42-50-бағандарында тиісті қосымшаға сілтеме көрсетіледі, мұндай ақпарат жоқ болған жағдайда - деректер жоқ деп көрсетіледі.
Мәмілеге қатысушы қағаз тасығышта табыс ететін ақпаратқа басшы және бас бухгалтер қол қояды, сондай-ақ мөрмен куәландырылады.
11. «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары төлеу уақытына қарамастан, импортқа байланысты тауарды алуына, жұмыстардың орындалуына, қызметтердің көрсетілуіне қарай толтырылады.
«№» деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі. Одан кейінгі ақпарат рет бойынша нөмірлеуден аспауға тиіс.
«ЖСН» деген 2-бағанда алушы - мәмілеге қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
«БСН» деген 3-бағанда алушы - мәмілеге қатысушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
«Сатып алушының (импорттаушының) атауы» деген 4-бағанда заңды тұлғаның (импорттаушының) толық атауы көрсетіліп, оның ұйымдық-құқықтық нысанына сілтеме жасалады.
«Салық кезеңі» деген 5-бағанда мәмілелер мониторингі бойынша есептілік тапсырылатын кезең көрсетіледі.
«Тауарларға декларацияның (Өтініштің) күні» және «Тауарларға декларацияның (Өтініштің) №» деген 6 және 7-бағандарда тауарларға декларацияның күні мен нөмірі немесе Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің (бұдан әрі - Өтініш) күні мен нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте Өтініштің күні мен нөмірі Кеден одағына мүше мемлекеттермен сыртқы экономикалық қызмет жасасқан жағдайда көрсетіледі.
«ЕАЭО СЭҚ ТН коды» деген 8-бағанда Еуразиялық Экономикалық Одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды көрсетіледі.
«Тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы» деген 9-бағанда импортталатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы көрсетіледі.
«Тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапалық сипаттамалары» деген
10-бағанда осындай шарт болған жағдайда тауардың (жұмыстың, қызметтер) сапасы көрсетіледі.
Тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасы тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапа сертификатында көрсетілген және олардың мақсатына сәйкес белгілі бір қажеттіктерді қанағаттандыруға жарамдылығына негізделген қасиеттерінің, сипаттамасының жиынтығын білдіреді. Қасиеті — тауарды (жұмысты, қызметті) құру, бағалау, сақтау және тұтыну (пайдалану) кезінде білінетін объективті ерекшелігі. Сапа көрсеткіші - тауар (жұмыс, қызмет) қасиеттерінің сандық және сапалық мәні. Сапа көрсеткіші физикалық немесе физикалық емес шамалар болып табылады. Физикалық шамалар (ұзындық, салмақ, тығыздық) санмен және сапамен өлшенуі мүмкін. Көрсеткіштің атауы тауардың сапалық сипаттамасы болады (мысалы, шырындағы қанттың салмақтық үлесі, мақта талшығының ұзындығы). Жеке көрсеткіштер - тауардың қарапайым қасиеттерін білдіруге арналған көрсеткіштер. Оларға түсі, қалпы, тұтастығы, қышқылдығы және тағы басқалар жатады.
«Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы беделі» деген 11-бағанда іскерлік әлеміндегі ұйымның беделі мен кемшіліктері туралы орнықты пікірден тұратын нарықтағы беделі туралы ақпарат көрсетіледі. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы бедел туралы ақпарат тауар (жұмыс, қызмет) сапасы, қаржы жағдайының тұрақтылығы, нарық үлесі, компания туралы ақпаратқа қол жетімділік, оның жариялылығы және танымалдығы сияқты көрсеткіштерден және тағы басқалардан қалыптасады.
«Тауарды жөнелту, жұмысты орындау, қызметті көрсету елі» деген
12-бағанда тауар импортталатын, жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін ел көрсетіледі.
«Тасымалдау түрі» деген 13-бағанда тауарды импорттау үшін пайдаланылатын көлік түрлері (теміржол, әуе және басқа) көрсетіледі.
«Тауарды (жұмысты, қызметті) шығарушы ел» деген 14-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауар (жұмыс, қызмет) өндірілген ел көрсетіледі.
«Тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші» деген 15-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші көрсетіледі.
«Тауарлық таңбасының (сауда маркасының, брендінің) болуы» деген
16-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарлық таңбасы (сауда маркасы, бренді) көрсетіледі.
«Тауарды жеткізу шарттары» деген 17-бағанда Инкотермске сәйкес тауарды жеткізу шарттары көрсетіледі.
«Тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту күні мен орны» деген
18 және 19-бағандарда тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту күні мен орны көрсетіледі.
«Тауардың (жұмыстың, қызметтің) межеленген елі» деген 20-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) межеленген елі көрсетіледі.
«Тауарды (жұмысты, қызметті) жеткізу пункті» деген 21-бағанда тауарды (жұмысты, қызметтер) жеткізу пункті көрсетіледі.
«Сатушының (женелтушінің) атауы» және «Сатушының (жөнелтушінің) заңды мекенжайы» деген 22 және 23-бағандарда тауарды (жұмысты, қызметті) сатушы (жөнелтуші) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы және сатушының (жөнелтушінің) заңды мекенжайы көрсетіледі.
«Сатушының (женелтушінің) тіркелген елі» деген 24-бағанда сатып алушының тіркелген елі көрсетіледі.
«Сауда жасаушы ел» деген 25-бағанда Кеден одағы комиссиясының
2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 «Кеден декларацияларын толтыру үшін қолданылатын жіктеуіштер туралы» шешімімен бекітілген Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауарды (жұмысты, қызметті) сатушы елдің цифрлық коды қойылады.
Мәмілеге қатысушы оған сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар еткізілетін шарт жасасқан тұлға тіркелген немесе тұрақты жасайтын ел сауда жасаушы ел деп ұғынылады.
«Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланысы туралы ақпарат» деген 26-бағанда ондай деректер болған жағдайда тараптардың (сатушы мен сатып алушыны) өзара байланысы туралы ақпарат көрсетіледі.
«Келісімшарттың (шарттың) күні және №» деген 27 және 28-бағандарда келісімшарттың (шарттың) күні және нөмірі көрсетіледі.
«Шот-фактураның күні және №» 29-бағанда шот-фактураның күні және нөмірі керсетіледі.
«Өлшем бірлігі» деген 30-бағанда тауардың өлшем бірлігі (дана, килограмм, тонна, метр, текшеметр, литр, кВТ және Қазақстан Республикасында қолданылатын басқа да өлшем бірліктері) көрсетіледі.
«Тауарды өткізу көлемі» деген 31-бағанда көрсетілген өлшем бірліктерде іс жүзінде жүргізілген тауар импортының көлемі көрсетіледі.
«Құн (келісімшарт (шарт) валютасымен)» деген 32-бағанда келісімшарт (шарт) валютасымен құны көрсетіледі.
«Мәміле бағасы (келісімшарт (шарт) валютасымен)» деген 33-бағанда келісімшарт (шарт) валютасымен мәміле бағасы көрсетіледі.
«Келісімшарт (шарт) валютасы» деген 34-бағанда келісімшарт (шарт) бойынша импортталатын тауарға (жұмысқа, қызметке) төлем жүзеге асырылған валюта көрсетіледі.
«Теңге бағамы» деген 35-бағанда тауарға декларация кедендік ресімдеуге қабылданған күнге келісімшарт (шарт) валютасына теңгенің нарықтық бағамы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан тауарларды импорттау кезінде тауарға ілеспе жүкқұжаттары ресімделген күнге келісімшарт (шарт) валютасына теңгенің нарықтық бағамы көрсетіледі.
«Трансферттік баға белгілеу әдіснамасы» деген 36-бағанда осы баға серпінінің деңгейін негіздейтін мәміле бағаларын белгілеу қағидаттарының жиынтығы көрсетіледі.
«Мәміле бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар» деген 37-бағанда мэміленің бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар көрсетіледі.
«Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс» деген 38-бағанда Заңның 12-бабымен айқындалған және нарықтық бағаны айқындау үшін мәмілеге қатысушы қолданатын әдістердің бірі көрсетіледі.
«Ақпарат көзі» деген 39-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасын айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі көрсетіледі.
«Дифференциал» деген 40-бағанда құжаттамамен және (немесе) Заңның 18-бабында көзделген ақпарат көздерімен расталған мәліметтер көрсетіледі.
«Тауардың (жұмыстың, қызметтік) нарықтық бағасы» деген 41-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы көрсетіледі.
«Мәмілеге қатысушының (импорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы, қызметінің саласы және нарық шарттары» деген 42-бағанда тауарларды ендіру және (немесе) өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету, оның ішінде коммерциялық делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, консультациялық қызмет, бағалы қағаздармен операциялар бойынша мәмілеге қатысушы қызметінің сипаттамасы көрсетіледі.
«Бизнестің стратегиясы» деген 43-бағанда өнімді өндіру, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету үшін қолда бар әлеуетті пайдалану үдерістерінен тұратын, мәмілеге қатысушы бизнесінің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі; ол фирманың мақсаттары, саясаты мен алға қойылған мақсаттарын іске асыру жоспарларын қамтиды, экономикалық және сыртқы экономикалық жетістігінің табиғатын, сондай-ақ компанияның негізгі қызметіне жұмылдырған бизнестің саласын айқындайды.
«Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының дұрыс қолданылуын негіздейтін басқа ақпарат» деген 44-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше қолданылатын бағалар бойынша дәлел келтіру мақсатында көрсетуге қажет ақпарат көрсетіледі.
«Тауардың (жұмыстың, қызметтер) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа ақпарат» деген 45-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуына ықпал ететін ақпарат көрсетіледі.
«Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының болжамы» деген 46-бағанда мәмілеге қатысушы импорттайтын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының болжамы көрсетіледі.
«Іскерлік операцияларды жүргізу стратегиясы» деген 47-бағанда іскерлік операцияларды жүргізудің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі.
«Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттар бойынша есептері, оның ішінде қаржылық есептілік» деген 48-бағанда ұйымның қаржылық жағдайы, оның қызметінің қаржылық нәтижелері және оның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы бірыңғай деректер жүйесін білдіретін ақпарат көрсетіледі.
«Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау» деген 49-бағанда компанияның қызмет саласы, операцияға қатысатын компаниялар арасында міндеттер, тәуекелдер мен активтер қалай бөлінгенін айқындау үшін оның міндеттері, тәуекелдері мен активтері туралы мәліметтер көрсетіледі.
«Маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы» деген 50-бағанда маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақысы көрсетіледі.
«Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысанының 10, 11, 16, 26, 36, 37, 42-50-бағандарында көрсетілуге тиісті ақпарат осындай шарттар мен деректер болған жағдайда Салық комитетінің жазбаша сұрау салуы бойынша, көрсетілген сұрау салуды алған күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде табыс етіледі. Көрсетілген ақпарат өзінің келу тәртібімен немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қағаз және (немесе) электрондық тасығышта қосымша түрінде табыс етіледі. Көрсетілген ақпарат бар болса «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысанының 10, 11, 16, 26, 36, 37, 42-50-бағандарында тиісті қосымшаға сілтеме көрсетіледі, мұндай ақпарат жоқ болған жағдайда - деректер жоқ деп көрсетіледі.
Мәмілеге қатысушы қағаз тасығышта табыс ететін ақпаратқа басшы және бас бухгалтер қол қояды, сондай-ақ мөрмен куәландырылады.
4. Мәмілелер мониторингіне жататын тауарлармен мәмілелерді жүзеге асыратын мәмілеге қатысушылардың
және мәмілелер мониторингіне жатпайтын тауарлармен мәмілелерді жүзеге асыратын мәмілеге қатысушылардың
мәмілелер мониторингі бойынша құжаттама жүргізу тәртібі
және мәмілелер мониторингіне жатпайтын тауарлармен мәмілелерді жүзеге асыратын мәмілеге қатысушылардың
мәмілелер мониторингі бойынша құжаттама жүргізу тәртібі
12. Мәмілеге қатысушылар, оның ішінде Заңға сәйкес мәмілелер мониторингіне жатпайтын тауарлармен мәмілелерді жүзеге асыратын мәмілеге қатысушылар қолданылатын бағаның негізділігін растайтын құжаттама жүргізеді және мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша оны мемлекеттік кірістер органдарына табыс етеді.
13. Халықаралық іскерлік операцияларда қолданылатын бағалардың негіздемесінде мәмілеге қатысушылар мынадай құжаттама жүргізеді:
1) тауарларды сату жөніндегі келісімшарттар (шарттар)
(толықтырулармен және өзгерістермен);
2) Қазақстан Республикасының және шет елдердің компанияларындағы инвестициялар (үлестер, акциялар) туралы мәліметтер;
3) шот-фактуралар (инвойстар), тауарларды қабылдау-беру актілері;
4) тауарлар экспортынан түсімдер бойынша банктен көшірме жазбалар;
5) тауарларға декларациялар (екі жақты) (өтініштер);
6) мәмілелер паспорты;
7) тауарлардың сапа сертификаты;
8) тауарлардың шығу сертификаты;
9) нарықтық бағаны айқындау үшін пайдаланылатын ақпарат көздері;
10) нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс туралы ақпарат;
11) бағалардың дұрыс қолданылуын негіздейтін және тауарларды сату жөніндегі шығыстарды (тауарды тасымалдау, сақтандыру, делдал қызметіне ақы төлеуге, порттардағы ауыстырып тиеу бойынша шығыстар, кемені жалға алу, кеден төлемдері мен салықтарды растайтын, темір жол және басқа да көлік жүкқұжаттары, сапа үшін жеңілдіктер мен үстемеақыларды растайтын теңіз коносаменттері және басқа да шығыстар) растайтын басқа да құжаттар.
Мәмілелер мониторингін
жүзеге асыру ережесіне
1-қосымша
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 15.12.2017 № 728 (алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әкімшілік деректерді жинау үшін нысан
«Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік
Есепті кезең 20__ жылғы ___ айы
Индекс: 1 - Э ТРУ
Кезеңділігі: жыл сайынғы
Ұсынады: Салық төлеушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 130-бабына сәйкес, халықаралық іскерлік операциалар бойынша ақпарат тауарлар (жұмыстар, қызметтер) халықаралық іскерлік операциалар тізбесіне сәйкес тауарлар (жұмыстар, қызметтер), Қазақстан Республикасының «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген.
Қайда ұсынады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей.
Ескертпе: нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы бұйрықпен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларында келтірілген.
«Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты»мәмілелер мониторингі бойынша есептілік
р/с | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Бизнес сәйкестендіру нөмірі | Жіберушінің (экспорттаушының) атауы | Салық кезеңі | Тауарларға декларацияның (Өтініштің) күні | Тауарларға декларацияның (Өтініштің) № | Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы коды | Тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапалық сипаттамалары | Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы беделі | |||||||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |||||||||||||||||||
Кестенің жалғасы
Тауарды жөнелту, жұмысты орындау, қызметті көрсету елі | Тасымалдау түрі | Тауарды (жұмысты, қызметті) шығарушы ел | Тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші | Тауарлық таңбасының (сауда маркасының, брендінің) болуы | ИНКОТЕРМС-ке сәйкес тауарды жеткізу шарты | Тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту күні | Тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту орны | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) межеленген елі | Тауарды (жұмысты, қызметті) жеткізу пункті | С а т ы п а л у ш ы н ы ң а т а у ы | |||||||||||||||||||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 2 2 | |||||||||||||||||||
Кестенің жалғасы
Сатып алушының заңды мекенжайы | Сатып алушының тіркелген елі | Сауда жасаушы ел | Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланысы туралы ақпарат | Келісімшарттың (шарттың) күні | Келісімшарттың (шарттың) № | Шот-фактураның күні және № | Тауардың өлшем бірлігі | Тауарды өткізу көлемі | Құны (Келісімшарттың (шарттың) валютасымен) | Мәміле бағасы (Келісімшарттың (шарттың) валютасымен) | |||||||||||||||||||
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | |||||||||||||||||||
Кестенің жалғасы
Келісімшарт (шарт) валютасы | Теңге бағамы | Трансферттік баға белгілеу әдіснамасы | Мәміле бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар | Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс | Ақпарат көзі | Дифференциал (мағынасын ашумен) | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы | Мәмілеге қатысушының (экспорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің, қызмет саласының және нарық шарттарының сипаттамасы | Бизнестің стратегиясы | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының дұрыс қолданылуын негіздейтін басқа ақпарат | |||||||||||||||||||
34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | |||||||||||||||||||
Кестенің жалғасы
Тауардың (жұмыстың,қызметтің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа ақпарат | Экспорттық нарықтардағы тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының болжамы | Іскерлік операцияларды жүргізу стратегиясы | Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттар бойынша есептері, оның ішінде қаржылық есептілік | Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау | Маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда- делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы | Баға белгілеу кезеңі | Ақпарат көзінен алынған баға | ||||||||||||||||||||||
45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | ||||||||||||||||||||||
Мәмілелер мониторингін
жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 15.12.2017 № 728 (алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әкімшілік деректерді жинау үшін нысан
«Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік
Есепті кезең 20__ жылғы ___ айы
Индекс: 2 – И ТРУ
Кезеңділігі: жыл сайынғы
Ұсынады: Салық төлеушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 130-бабына сәйкес, халықаралық іскерлік операциалар бойынша ақпарат тауарлар (жұмыстар, қызметтер) халықаралық іскерлік операциалар тізбесіне сәйкес тауарлар (жұмыстар, қызметтер), Қазақстан Республикасының «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген.
Қайда ұсынады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей.
Ескертпе: нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы бұйрықпен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларында келтірілген.
«Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты»
мәмілелер мониторингі бойынша есептілік
мәмілелер мониторингі бойынша есептілік
р/с | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Бизнес сәйкестендіру нөмірі | Жіберушінің (импорттаушының) атауы | Салық кезеңі | Тауарларға декларацияның (Өтініштің) күні | Тауарларға декларацияның (Өтініштің) № | Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы коды | Тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапалық сипаттамалары | Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы беделі | |||||||||||||||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |||||||||||||||||||||||||||
Кестенің жалғасы
Сатып алушының заңды мекенжайы | Сатып алушының тіркелген елі | Сауда жасаушы ел | Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланысы туралы ақпарат | Келісімшарттың (шарттың) күні | Келісімшарттың (шарттың) № | Шот-фактураның күні және № | Тауардың өлшем бірлігі | Тауарды өткізу көлемі | Құны (Келісімшарттың (шарттың) валютасымен) | Мәміле бағасы (Келісімшарттың (шарттың) валютасымен) | |||||||||||||||||||||||||||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | |||||||||||||||||||||||||||
Кестенің жалғасы
Сатып алушының заңды мекенжайы | Сатып алушының тіркелген елі | Сауда жасаушы ел | Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланысы туралы ақпарат | Келісімшарттың (шарттың) күні | Келісімшарттың (шарттың) № | Шот-фактураның күні және № | Тауардың өлшем бірлігі | Тауарды өткізу көлемі | Құны (Келісімшарттың (шарттың) валютасымен) | Мәміле бағасы (Келісімшарттың (шарттың) валютасымен) | |||||||||||||||||||||||||||
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | |||||||||||||||||||||||||||
Кестенің жалғасы
Келісімшарт (шарт) валютасы | Теңге бағамы | Трансферттік баға белгілеу әдіснамасы | Мәміле бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар | Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс | Ақпарат көзі | Дифференциал (мағынасын ашумен) | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы | Мәмілеге қатысушының (импорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің, қызмет саласының және нарық шарттарының сипаттамасы | Бизнестің стратегиясы | Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының дұрыс қолданылуын негіздейтін басқа ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||
34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | |||||||||||||||||||||||||||
Кестенің жалғасы
Тауардың (жұмыстың,қызметтің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа ақпарат | Экспорттық нарықтардағы тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының болжамы | Іскерлік операцияларды жүргізу стратегиясы | Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттар бойынша есептері, оның ішінде қаржылық есептілік | Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау | Маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда- делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы | Баға белгілеу кезеңі | Ақпарат көзінен алынған баға | ||||||||||||||||||||||||||||||
45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | ||||||||||||||||||||||||||||||