Түпқараған ауданы бойынша
сайлау учаскелерін құру туралы
сайлау учаскелерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін Түпқараған ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
2. Түпқараған ауданы әкімінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 18 «Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-6-144 болып тіркелеген, 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 03 (493) «Ақкетік арайы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23 бабының талаптары сақтала отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау учаскелері туралы сайлаушылар хабардар етілсін.
4. «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Г.Демеуова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Алтынгалиевке жүктелсін.
6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Т. Асауов
«КЕЛІСІЛДІ»
Түпқараған аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
А. Қуанбай
08 шілде 2015 жыл.
Түпқараған ауданы әкімінің
08 шілде 2015 жылғы
№ 17 шешіміне қосымша
Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімінің 12.04.2019 № 42 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімінің 03.04.2020 № 2 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
№ 227 сайлау учаскесі
Орталығы: Форт-Шевченко қаласы, Досан Тәжіұлы көшесі №9 «Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі, телефон/факс:
8 (72938) 22367
8 (72938) 22367
Шекарасы: Форт-Шевченко қаласы, Досан Тәжіұлы, Оразмағамбет Тұрмағамбетұлы, Қабиболла Сыдиықов, Ибаш Жанболатова, Жазмағанбет Қызылбаев, Тобанияз Әлниязұлы, Бимембет Маяұлы, Нығмет Шымыров, Хиту Бекжанов, Нұрсұлтан Оңғалбаев, Иса Тіленбайұлы, Төлесін Әлиев, Мақаш Бектұрғанов, Сүйінғара Үргенішбайұлы, Абай, Мырзағали Әлібаев, Мұрын Жырау, Есбол Өмірбаев, Жамбыл, Астана, Ұлан Елубаев көшелерінің үйлері, сонымен қатар Жаңа Кетік шағын ауданы 5, 6 орамдарына кіретін тұрғын үйлер.
№ 228 сайлау учаскесі
Орталығы: Форт-Шевченко қаласы, Маршал Әбдіхалықов көшесі № 51, «Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 (72938) 22252
Шекарасы: Форт-Шевченко қаласы, Жалау Мыңбаев, Маршал Әбдіхалықов, Шайхы Еркеғұлов, Сатанғұл Тәжиев, Естөре Оразақов, Келімберді Өтебаев, Ермек Даулетова, Дүйіш Тобышбаев, Ораз Бозахаров, Байбоз Қилыбайұлы, Сауытбай Масатов, Тілеумұрат Қожабеков, Мұстахи Бимағанбетов, Икембай Өтепбергенов, Қосай Қаниұлы, Тұрсын Қожықов, Дүйімбай Тарғынұлы, Орынбай Аймағамбетұлы, Махмұт Батыршев көшелерінің үйлері, сонымен қатар Жаңа Кетік шағын ауданы 1, 2а, 3, 4 орамдарына кіретін тұрғын үйлер.
№229 сайлау учаскесі
Орталығы: Баутин ауылы, 8 Наурыз көшесі №25, «Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 (72938) 24575
Шекарасы : Баутин ауылы, Қашаған Күржіманұлы, Жәнібек Матаев, 8 Наурыз, Виталий Водовской, Сәттіғұл Жанғабылов, Қалмырза Берішбаев, Захар Дубский, Жаңа құрылыс, Диханбек Сатимов, Қылыш Нәдірбаев, Құлмырза Саудабаев, Ізтұрған Оразбаев, Абай Қошақбаев көшелерінің үйлері.
№ 230 сайлау учаскесі
Орталығы: Баутин ауылының Аташ елді мекені, Әліби Жанкелдин көшесі №27, «Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің «Аташ кітапханасы» бөлімшесі, телефон/факс: 8 (72938) 24971
Шекарасы: Баутин ауылы Аташ елді мекені, Аманкелді Иманов, Мұрат Өскінбаев, Әліби Жанкелдин, Ақшабай Көпешов, Зауыт, Баялы Ақсамбаев көшелерінің үйлері.
№231 сайлау учаскесі
Орталығы: Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисембаев көшесі №2, Түпқараған ауданы әкімдігінің «Қызылөзен мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорны, телефон/ факс: 8 (72938) 23851
Шекарасы: Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисенбаев, Ізтұрған Нысанбаев, Дүйсе Бердібеков, Жаңа ауыл, Шамшырақ; Шарай көшелерінің үйлері, сонымен қатар Қызылөзен ауылы және «Қарағантүбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында орналасқан мал бағу нүктелері мен жеке шаруа қожалықтары.
№232 сайлау учаскесі
Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Баланжан Қожашева көшесі №5 Түпқараған ауданы әкімдігінің «Ақшұқыр мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорны, телефон/ факс: 8 (72938) 23249
Шекарасы: Ақшұқыр ауылы, Ақжол, Өмірзақ Нұрбаев, Балсұлу Сахиева, Үштерек, Әлқуат Қожабергенов, Қартбай Бекжанов, Ұзақбай Есқожаев, Жалау Қазиев, Тәжіғұл Кезбаев, Маңғыбай Түйешиев көшелерінің үйлері, сонымен қатар 4 орамға кіретін тұрғын үйлер.
№233 сайлау учаскесі
Орталығы: Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесі №81, « Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 (72938) 31269
Шекарасы: Сайын Шапағатов ауылдық округі, Найзабек Есетов, Ақназар Жақауов, Тасқынбай Шахатов, Сәйдім Тумышев, Бисембай Мейров, Алтынмұрат Бекенжанов, Жолыбай Шахшабасов, Мақаш Елубаев, Бердіхан Қарайшықов, Бозжігітов Бақыт көшелерінің үйлері, сонымен қатар 1, 2, 4, 5, 6 орамдарына кіретін тұрғын үйлері, Сайын Шапағатов ауылдық округінің және «Жайлау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында орналасқан мал бағу нүктелері және жеке шаруашылық қожалықтары.
№234 сайлау учаскесі
Орталығы: Таушық ауылы, Құлшық Жұбайұлы көшесі №41, «Таушық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық казыналақ кәсіпорны, телефон/ факс: 8 (72938) 44232
Шекарасы: Таушық ауылы, Сисен Әбдірахманов, Ардагерлер, Төлеген Қағазов, Абыл Тілеуұлы, Хамидолла Елмұханбетов, Құлшық Жұбайұлы, Түмен Балтабасұлы, Кетебай Қиынов, Мөріш Тышқамбаева көшелерінің үйлері, Нұрбаулы Тұмсық шағын ауданының үйлері, сонымен қатар 1, 2, 3, 4 орамдарына кіретін тұрғын үйлері, Таушық ауылының және «Таушық ауыл шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында орналасқан мал бағу нүктелері мен жеке шаруашылық қожалықтары.
№235 сайлау учаскесі
Орталығы: Баутин ауылы, Мұнайшы көшесі №11, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2201 «Б» әскери бөлімі Республикалық мемлекеттік мекемесінің қызыл бұрышы, телефон/ факс: 8 (72938) 24796
Шекарасы: Баутин ауылы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2201 «Б» әскери бөлімі Республикалық мемлекеттік мекемесі; Форт- Шевченко қаласындағы №51809 «д» және №2018 әскери бөлімдері.
№236 сайлау учаскесі
Орталығы: Қаражанбас вахталық поселкесі, «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының мәдени-демалыс орталығының қызыл бұрышы, телефон/ факс: 8 (72938) 473613
Шекарасы: Қаражанбас вахталық поселкесінде орналасқан «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының және өзге де кәсіпорындардың жатақханалары.
№237 сайлау учаскесі
Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Балсұлу Сахиева көшесі №350, «Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі, телефон/ факс: 8 (72938) 23245
Шекарасы: Ақшұқыр ауылы, Баланжан Қожашева, Ғұбайдолла Айдаров, Бүркітбай Сәрсенов, Жаңа Қоныс, Есболай Аманов, Ысқақ Шакратов, Батырқожа Есбосынов көшелерінің үйлері, сонымен қатар 1 орамға кіретін және Бегей жеріндегі тұрғын үйлер.
№238 сайлау учаскесі
Орталығы: Бозашы вахталық поселкесі, «Тренинг центр» ғимараты, телефон/ факс: 8 (72938) 529079
Шекарасы: Бозашы вахталық поселкесінің және өзге де Солтүстік Бозашыда орналасқан кәсіпорындар жатақханалары.
№239 сайлау учаскесі
Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Әдек Жанашев көшесі №49, Түпқараған ауданы әкімдігі Түпқараған аудандық білім бөлімінің «Ақшұқыр мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі, телефон/ факс: 8 (72938) 50177
Шекарасы: Ақшұқыр ауылы, Сұлтанбай Наубетов, Бекбосын Қадырұлы, Жүсіп Дүйсенбаев, Дүйіш Досаев, Борсақбай Әбілхайыров, Әдек Жанашев көшелерінің үйлері, сонымен қатар 2 және 5 орамдарына кіретін тұрғын үйлер.
№ 250 сайлау учаскесі
Орталығы: Сайын Шапағатов ауылдық округі, 5 квартал, № 118 үй, Түпқараған ауданы әкімдігі Түпқараған аудандық білім бөлімінің «Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 (72938) 28432.
Шекарасы: Сайын Шапағатов ауылдық округінің 1, 3, 4, 5, 6 кварталдарының үйлері.