«Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 қаулысына
өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 қаулысына
өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы
30 маусымдағы № 652 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 335-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
30 маусымдағы № 652 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 335-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесiнде:
2-тармақ алып тасталсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, ол өзінің кәсіптік тәуекел сыныбы сәйкес келетін экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс. Бұл ретте, филиалда (филиалдарда) өзі (өздері) жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі туралы растауы болуға тиіс.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Премьер-Министрі
К. Мәсімов