«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылы 27 желтоқсандағы № 852-856 (27927) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары»;
преамбула мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібін айқындайды.»;
1 тармақтың 5) – тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
5) ұлттық валютаның ресми бағамы – теңгенің Қағидалардың қосымшасына сәйкес шетел валюталарына Ұлттық Банк белгілейтін бағамы. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібіне ұқсас. Ұлттық валютаның ресми бағамын және валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалану мақсаттары 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының (Салық кодексі), 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының , «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен белгіленеді.
2 – тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамынбелгілеу тәртібі»;
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын қор биржасы шетел валюталары бойынша сауда-саттық жүргізетін жұмыс күндері күн сайын белгілейді.
Ұлттық Банк оларға қатысты ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесі Қағидалардың қосымшасында (бұдан әрі – Қағидалар қосымшасы) айқындалған.
3. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты Астана уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай бойынша қор биржасының екі таңертеңгі (негізгі) және күндізгі (қосымша) сессияларының қорытындысы бойынша қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты сауда-саттық жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күніндегі ресми бағамы ретінде белгіленеді.
4. Қағидалардың қосымшасында көрсетілген басқа шетел валюталары бойынша ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамын Ұлттық Банк қор биржасында сауда-саттық жүргізілген күнгі Астана уақытымен сағат 16-00-дегі жағдай бойынша ақпараттық агенттіктің арналары бойынша алынған сұраныстың баға белгіленімдеріне сәйкес қалыптасқан АҚШ долларына қатысты кросс-бағамды пайдалана отырып есептейді және ол келесі жұмыс күніне арналған ресми бағам ретінде белгіленеді.»;
3 – тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық валютаның шетел валюталарына бағамдарынбелгілеуді қамтамасыз ететін рәсімдер»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«7. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдарын Ұлттық Банктің көрсетілген валюталарды белгіленген бағам бойынша сатып алу немесе сату міндеттемесінсіз жариялайды.»;
8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамдарын Қағидалар қосымшасына сәйкес ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамы белгіленген күні Ұлттық Банктің интернет-ресурсында жариялайды.
9. Уәкілетті бөлімше шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжатты Қағидаларға қосымшаның нысаны бойынша олардың қолданылу мерзімдерін көрсете отырып дайындайды. Құжатқа Ұлттық Банк басшылығы не шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжатқа қол қоюға уәкілетті адам қол қояды.
10. Шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжат қол қойылған күні Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ге дейін Ұлттық Банктің бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және басқа да мүдделі ұйымдарға деректерді ресми байланыс арналары (орталық телетайп, телекс, ақпарат берудің және төлемдер жасаудың халықаралық банкаралық жүйесі (SWIFT)) және электрондық почта арқылы жіберу жолымен жеткізіледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«11. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамдары (шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары) туралы ақпарат белгіленген күні Астана уақытымен сағат 24.00-ге дейін ААЖ-ға енгізіледі.»;
қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті (Молдабекова Ә.М.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Ж. Құсайыновқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2015 жылғы 20 қазан
№ 192 қаулысына
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2015 жылғы 20 қазан
№ 192 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының шетел валюталарына
ресми бағамын белгілеу қағидаларына
ұлттық валютасының шетел валюталарына
ресми бағамын белгілеу қағидаларына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға қатысты ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шетел валюталарының Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына ____ жылғы «_____» ______ ресми бағамдары туралы хабарлайды
Австралия доллары (AUD) Әзірбайжан манаты (AZN) Армян драмы (AMD) Белорусь рублі (BYR) Бразилия реалы (BRL) Венгер форинті (HUF) Корея Республикасының вонасы (KRW) Гонконг доллары (HKD) Грузин лариі (GEL) Дат кронасы (DKK) БАӘ дирхамы (AED) АҚШ доллары (USD) Еуро (EUR) Үндістан рупиясы (INR) Иран риалы (IRR) Канада доллары (CAD) Қытай юані (CNY) Қырғыз сомы (KGS) Кувейт динары (KWD) Малайзия ринггиті (MYR) Мексика песосы (MXN) Молдова леясы (MDL) Норвегия кронасы (NOK) Польша злотыйы (PLN) Ресей рублі (RUB) Сауд Арабиясының риалы (SAR) СДР (XDR) Cингапур доллары (SGD) Тәжік сомониі (TJS) Тайланд баты (THB) Түрік лирасы (TRY) Өзбек сумы (UZS) Украина гривнасы (UAH) Біріккен Корольдіктің фунт стерлингі (GBP) Чех кронасы (CZK) Швед кронасы (SEK) Швейцария франкі (CHF) Оңтүстік Африка рэнді (ZAR) Жапон йенасы (JPY) | теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге теңге |
құжатқа қол қойылған күн
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Төрағасы/Төрағасының орынбасары
(не қол қоюға уәкілетті адам)
_____________ _____________________________
лауазымы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Төрағасы/Төрағасының орынбасары
(не қол қоюға уәкілетті адам)
_____________ _____________________________
лауазымы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)