Зеренді аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 6 наурыздағы
№ 12-110 «Зеренді ауданында
салық салу мақсаты үшін
ауылдық елді мекендердің
және ауыл шаруашылығына
арналған жерлерге бағалау
аймақтары шекараларының
және жер телімдері үшін
төлемақының базалық
ставкаларына түзету
коэффициенттерін бекіту
туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
2013 жылғы 6 наурыздағы
№ 12-110 «Зеренді ауданында
салық салу мақсаты үшін
ауылдық елді мекендердің
және ауыл шаруашылығына
арналған жерлерге бағалау
аймақтары шекараларының
және жер телімдері үшін
төлемақының базалық
ставкаларына түзету
коэффициенттерін бекіту
туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 25.12.2017 № 18-150 шешімімен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 387 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеренді аудандық мәслихаттың «Зеренді ауданында салық салу мақсаты үшін ауылдық елді мекендердің және ауыл шаруашылығына арналған жерлерге бағалау аймақтары шекараларының және жер телімдері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2013 жылғы 6 наурыздағы № 12-110 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3703 тіркелген, 2013 жылғы 19 сәуірде «Зерделі–Зеренді», «Зерен» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбында және барлық мәтіні бойынша «және ауыл шаруашылығына арналған» сөздері алынып тасталсын;
шешімнің 1 тармағындағы «1, 2 қосымшаларға» сөздері «қосымшаға» сөзіне ауыстырылсын;
шешімнің 2 қосымшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеренді аудандық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы
А. Балтабаева
Аудандық мәслихаттың хатшысы
Қ. Ауғалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Зеренді ауданының әкімі
________________ А. Мұратұлы
2015 жылғы «___» ________