1-бап
Конвенцияның 11-бабының 10-тармағы алынып тасталады және төмендегі тармақпен ауыстырылады:
"10. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан, бірақ осы баптың 4-тармағының ережелеріне залалын тигізбей, егер:
а) Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін проценттерді бірінші аталған Мемлекеттің Үкіметі немесе оның жергілікті өкімет органы яки осы Үкіметтің немесе жергілікті өкімет органының кез-келген жұмыс не құрылымдық бөлімшесі төлесе, немесе
б) басқа Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметі немесе оның жергілікті өкімет органы яки осы Үкіметтің немесе жергілікті өкімет органының кез- келген жұмыс не құрылымдық бөлімшесі олардың алушысы және нақты иесі болса, олар бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте салықтан босатылады".