Бөлшек саудадағы
азық-түлік тауарларының
табиғи кему нормаларын
бекіту туралы
азық-түлік тауарларының
табиғи кему нормаларын
бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 27 қараша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушысы
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 717
бұйрығымен бекітілген
Бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының
табиғи кему нормалары
табиғи кему нормалары
Тауардың атауы | Кему нормасы, % | |
жыл бойы | ||
сауда объектілерінің 1-тобы* | сауда объектілерінің 2-тобы* | |
Ет және ет тауарлары | ||
Мұздатылған ет: | ||
сиыр еті, бұзау еті, қой еті, ешкі еті, жылқы еті, түйе еті | 0,50 | 0,50 |
шошқа еті | 0,50 | 0,50 |
жабайы малдардың еті (қабан, бұғы, киік және тағы басқа) | 0,50 | 0,58 |
Тоңазытылған ет: | ||
сиыр еті, бұзау еті, қой еті, ешкі еті, жылқы еті, түйе еті | 0,60 | 0,70 |
шошқа еті | 0,59 | 0,59 |
жабайы малдардың еті (қабан, бұғы, киік және тағы басқа) | 0,67 | 0,78 |
Мұздатылған құс (полимерлік қабықшаға оралғаннан басқа) және үй қояндарының еті: | ||
тауық, бройлер-балапандар және үй қояндарының еті | 0,40 | 0,40 |
қаздар, үйректер, күркетауықтар және тағы басқалар | 0,40 | 0,40 |
полимерлік қабықшаға оралған құс еті, тоңазытылған | 0,40 | 0,40 |
Салқындатылған құс және үй қояндарының еті: | ||
тауық, бройлер-балапандар, үй қояндары | 0,42 | 0,45 |
қаздар, үйректер, күркетауықтар және тағы басқалар | 0,50 | 0,53 |
полимерлік қабықшаға оралған құс еті, тоңазытылған | 0,50 | 0,50 |
Қосалқы өнімдер: | ||
сирақтар | 0,38 | 0,38 |
мұздатылған бастар | 0,50 | 0,50 |
тоңазытылған бастар | 0,57 | 0,57 |
Басқа қосалқы өнімдер: | ||
мұздатылған | 0,45 | 0,45 |
тоңазытылған | 1,67 | 1,67 |
өлшемді жартылай фабрикаттар | 0,50 | 0,50 |
өлшемді аспаздық (сілікпелер, паштеттер, қуырылған және пісірілген ет, құс еті, қосалқы өнімдер және тағы басқа) | 0,50 | 0,50 |
мұздатылған өнделген тоңмай | 0,20 | 0,20 |
тоңазытылған өнделген тоңмай | 0,36 | 0,36 |
пісірілген шұжық (етті нандар, турама салынған зельцтер, ішек-қарын - бауырдан жасалған, қансоқта және тағы басқа) | 0,60 | 0,63 |
кішкентай шұжықтар және қысқа шұжықтар | 0,80 | 0,80 |
жартылай ысталған шұжықтар | 0,40 | 0,40 |
пісірілген - ысталған шұжықтар | 0,40 | 0,40 |
шикілей ысталған шұжықтар | 0,50 | 0,50 |
Қабықшада және қабықшасыз ысталған еттер: | ||
шикілей ысталған | 0,30 | 0,30 |
пісірілген - ысталған және ысталған-қуырылған | 0,51 | 0,51 |
пісірілген, піскен және қуырылған | 0,80 | 0,80 |
шошқа шпигі және шпиктен жасалған тауарлар | 0,40 | 0,40 |
өзге өлшемдік ет тауарлары | 0,32 | 0,32 |
Балық және балық тауарлары: | ||
тірі балық | 0,10 | 0,10 |
барлық атаулардағы балық және тоңазытылған мидиялар | 0,63 | 0,63 |
барлық атаулардағы балық және балық тауарлары, тоңазытылған жылтыратылмаған | 0,29 | 0,29 |
тоңазытылған, глазурленген теңіз өнімдері | Нормалар қолданылмайды | |
барлық атаулардағы (кесіп сатылатын албырт тұқымдастардан басқа), маринадталған, тұздықта татымды тұздалған балық | Нормалар қолданылмайды | |
құрғақ бөшкеде және жәшікте тұздалған барлық атаулардағы балық | 0,43 | 0,43 |
кесіп сатылатын албырт тұқымдас тұздалған балық | 0,32 | 0,32 |
барлық атаулардағы балық (бекіре тұқымдастардан басқа) және ыстықтай ысталған балық емес теңіз өнімдері | 0,39 | 0,39 |
балық және ыстықтай ысталған бекіре тұқымдас балық тауарлары | 0,32 | 0,32 |
барлық атаулардағы салқын ысталған балық және балық тауарлары (балықтың жон етінен тағы басқа) | 0,38 | 0,38 |
кеспей сатылатын барлық атаулардағы салқын ысталған балық өнімдері | 0,35 | 0,35 |
кесіп сатылатын барлық атаулардағы салқын ысталған балық өнімдері | 0,30 | 0,30 |
барлық атаулардағы тұзды-кептірілген және сүрленген балық, балық тауарлары және балық емес теңіз өнімдері | 0,20 | 0,20 |
бекіре, албырт және басқа балықтардың уылдырығы | 0,20 | 0,20 |
аспаздық (барлық атаулардағы қуырылған, пісірілген, сорпа құйылып ұйыған, турама салынған және тағы басқа балық) | 0,38 | 0,38 |
балықтан және балық емес теңіз өнімдерінен жасалған басқа өлшемдік тауарлар | 0,31 | 0,31 |
Сүт және тоң май тауарлары: | ||
сиыр майы (сарымай, қорытылған май) | 0,18 | 0,18 |
маргарин, қорытылған май (сиыр, шошқа және тағы басқа) және аспаздық (өсімдік майы және басқалар) | 0,18 | 0,18 |
өсімдік майы | 0,25 | 0,25 |
қаймақ, сүзбе и сүзбе массасы | 0,50 | 0,50 |
Ірімшіктер: | ||
парафинмен жабылған (советский, алтайский, ресейлік, пошехонский, голландский, костромской, ярославский, эстонский, степной, угличский, украинский, литовский, минский) | 0,32 | 0,32 |
шұжықты ысталған ерітілген | 0,43 | 0,43 |
полимерлік үлдірдегі (голландский, костромской, чеддер, литовский, ресейлік және басқалар) | 0,42 | 0,42 |
фольгада немесе пергаменттегі (рокфор, латвийский және басқа) | 0,57 | 0,57 |
жабылмаған (швейцарский, тұзсыз ыдыстағы тұзды және басқалар) | 0,30 | 0,32 |
тұздықта (сүзбе, сулугуни және басқа) | 0,28 | 0,28 |
құйылып сатылатын сүт | 0,05 | 0,05 |
сүт және құрғақ кілегей, жұмыртқа ұнтағы және меланж | 0,28 | 0,28 |
өлшемді балмұздақ және басқа өлшемді сүт және май тауарлары | 0,33 | 0,33 |
Нан-тоқаш тауарлары: | ||
піскен нан | 0,52 | 0,52 |
тоқаш өнімдері | 0,38 | 0,38 |
кептірілген нан | 0,32 | 0,32 |
пирог және самсалар | 0,48 | 0,48 |
лаваш және чурек | 0,38 | 0,38 |
басқа өлшемді нан-тоқаш тауарлары | 0,32 | 0,32 |
Кондитерлік тауарлар: | ||
карамель, ирис және драже | 0,12 | 0,12 |
жылтыратылған кәмпиттер | 0,16 | 0,19 |
жылтыратылмаған кәмпиттер | 0,27 | 0,30 |
мармелад және пат | 0,35 | 0,50 |
пастила және зефир | 0,48 | 0,55 |
халуа | 0,57 | 0,57 |
бал және повидло | 0,47 | 0,47 |
печенье, қытырлауық нан және вафли | 0,24 | 0,28 |
пряниктер және коврижкалар | 0,36 | 0,50 |
басқа өлшемді және кондитерлік тауарлар | 0,17 | 0,20 |
Бакалея тауарлары: | ||
жарма, бұршақ дәнділерді және сагоны қоса алғанда | 0,15 | 0,22 |
макарон өнімдері | 0,22 | 0,32 |
ұн және крахмал | 0,15 | 0,22 |
құмшекер | 0,09 | 0,13 |
шақпақ қант | 0,14 | 0,20 |
қант ұнтағы | 0,21 | 0,30 |
дәнді кофе | 0,10 | 0,10 |
ас тұзы | 0,34 | 0,48 |
тығыздалған ашытқы | 0,41 | 0,58 |
басқа өлшемді бакалея тауарлары | 0,12 | 0,17 |
бөліп құйып сатылатын шырын және басқа алкогольсіз ішімдіктер | 0,04 | 0,04 |
Жем: | ||
сұлы және арпа | 0,11 | 0,11 |
күнжара және құрамажем | 0,09 | 0,09 |
кебек және басқалар | 0,13 | 0,13 |
Жаңа піскен көкөністер және жемістер: | ||
кеш піскен картоп | 0,70 | 0,70 |
ерте піскен картоп | 0,43 | 0,45 |
ақбасты, орташа және кеш пісетін, қызылбасты қырыққабат | 0,67 | 0,70 |
ерте пісетін ақбасты, гүлді, брюссельдік және савойлық қырыққабат | 1,00 | 1,20 |
кесілген тамыр жемісі (қызылша, сәбіз және тағы басқа) | 0,42 | 0,45 |
басты пияз | 0,46 | 0,48 |
сарымсақ | 0,50 | 0,52 |
көкөніс (салат, шпинат) | 0,17 | 0,17 |
қасқыржем, рауғаш | 1,63 | 1,65 |
жасыл пияз және порей - пияз | 0,17 | 0,17 |
парникте өскен және жер астындағы қиярлар | 0,42 | 0,44 |
өлшемді шалғам | 0,60 | 0,62 |
қызанақтар (қызыл, қызғылт және бурыл), кәділер, тәтті және ащы қабық бұрыш, патиссондар | 0,66 | 0,68 |
бақша дақылдары (қарбыздар, қауындар, асқабақ және кәділер) | 0,37 | 0,39 |
бұршақ тұқымдастар (бұршақ, фасоль, ірі бұршақтар қабықтарда) | 0,50 | 0,52 |
шекілдеуіктілер (алмалар, алмұрттар, беже) | 0,70 | 0,80 |
сүйектілер (қызыл шие, шие, алхоры) | 0,70 | 0,70 |
банандар | 0,70 | 0,80 |
Жидектер: | ||
таңқурай, бүлдірген және құлпынай | 1,40 | 1,42 |
жүзім, қарақат, тұшала | 1,40 | 1,42 |
цитрус (апельсиндер, мандариндер, лимондар) | 1,00 | 1,10 |
барлық түрлердегі жаңа піскен саңырауқұлақтар | 0,50 | 0,50 |
Ескертулер:
Осы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормалары (бұдан әрі – Нормалар) сауда объектілеріндегі бөлшек саудада, тауарларды қойма және сауда үй-жайларында сақтау кезінде пайда болатын, сондай-ақ тауарлардың бүлінуі немесе зақымдануы нәтижесінде пайда болатын түрлі шығындарды қоспағанда, құрғау, ұшып кету, ұнтақталу, жайылу, төгілу, дем алудағы заттардың шығыны салдарынан сатуға дайындау кезінде пайда болатын шығындарды өтеу үшін бөлшек сауда айналымына қатысты пайызда (ҚҚС-сыз өзіндік құнымен) бөліп өлшенетін стандартты тауарларды сатуда қолданылады. Нормаларды есептен шығару түгендеу нәтижесі және түгендеу тізімдемесі мен тиісті есептеуді қоса берумен салыстыру тізімдемесі негізінде тауарлардың жетіспеушілігі анықталған кезде жасалады.
Сауда объектілерінің бірінші тобына арналған нормалар 1, 2, 3 - санатты стационарлық сауда объектілері үшін көзделеді, екінші топ үшін – 4 және 5 санаттар көзделеді. Бұл ретте сауда объектісінің санаты «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес айқындылыды.
Сауда желілері үшін сауда объектілерінің бірінші тобының нормалары қолданылады.