Атырау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 23 қаңтардағы №10а
және Атырау облыстық мәслихатының
2012 жылғы 25 қаңтардағы
№11-V «Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерді
қоспағанда, жер учаскелері жеке
меншікке берілген кезде олар үшін
төлемақының базалық ставкаларын
белгілеу туралы» қаулысы мен шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
2012 жылғы 23 қаңтардағы №10а
және Атырау облыстық мәслихатының
2012 жылғы 25 қаңтардағы
№11-V «Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерді
қоспағанда, жер учаскелері жеке
меншікке берілген кезде олар үшін
төлемақының базалық ставкаларын
белгілеу туралы» қаулысы мен шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27, 37- баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті ХХХVІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №10а және Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы №11-V «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №2609 болып тіркелген, 2012 жылы 28 ақпанда «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулы мен шешімнің қосымшасы осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И.Дүйсембаевқа және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Б.Мұқатановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Ә.Жұбанов
Мәслихат хатшысы
С.Лұқпанов
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
міндетін атқарушы
Ғ.Дүйсембаев
Атырау облысы әкімдігінің 2015
жылғы 8 желтоқсандағы №365
қаулысына және Атырау облыстық
мәслихатының 2015 жылғы 14
желтоқсандағы №429-V шешіміне
қосымша
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары
№ | Елді мекендер | 1 шаршы метр үшін теңгемен төлемақының базалық ставкасы |
1 | Атырау қаласы | 2240 |
2 | Ганюшкин ауылы | 375 |
3 | Аққыстау ауылы | 333 |
4 | Махамбет ауылы | 394 |
5 | Алмалы ауылы | 685 |
6 | Бейбарыс ауылы | 340 |
7 | Береке ауылы | 774 |
8 | Сарайшық ауылы | 357 |
9 | Индербор кенті | 507 |
10 | Мақат кенті | 408 |
11 | Доссор кенті | 511 |
12 | Құлсары қаласы | 1467 |
13 | Жаңа Қаратон кенті | 432 |
14 | Қосшағыл ауылы | 286 |
15 | Тұрғызба ауылы | 279 |
16 | Миялы ауылы | 228 |
17 | Сағыз ауылы | 232 |
18 | Қалған кенттер | Облыс орталығы ставкаларының 18 пайызы |
19 | Қалған ауылдық елді мекендер | Облыс орталығы ставкаларының 10 пайызы |